Ырықтандыру жоспарларына сәйкес (өтпелі кезең ішінде) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын көрсетілетін қызметтердің секторларын (кіші секторларын) айқындау мақсатында көрсетілетін қызметтерді ырықтандыруға арналған басым бағыттардың тізбесі туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 21 шешімі.

      Көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестицияларды құру, олардың қызметі және жүзеге асырылуы туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 16 қосымша) 42-тармағында көзделген ырықтандыру жоспарын дайындау және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының 1.3.1-тармағын іске асыру мақсатында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Қоса беріліп отырған ырықтандыру жоспарларына сәйкес (өтпелі кезең ішінде) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын көрсетілетін қызметтердің секторларын (кіші секторларын) айқындау мақсатында көрсетілетін қызметтерді ырықтандыруға арналған басым бағыттардың тізбесі бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыру ырықтандыру жоспарларына (өтпелі кезең ішінде) сәйкес жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметтер секторларын айқындау жөніндегі, оның ішінде осы Шешіммен бекітілген басым бағыттардың тізбесін толықтыру жөніндегі жұмысты жалғастырсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2022 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 17 шешімімен
БЕКІТІЛДІ

Ырықтандыру жоспарларына сәйкес (өтпелі кезең ішінде) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын көрсетілетін қызметтердің секторларын (кіші секторларын) айқындау мақсатында көрсетілетін қызметтерді ырықтандыруға арналған басым бағыттардың тізбесі

      1. Туризм саласындағы ақпараттық көрсетілетін қызметтер мыналар бойынша:

      а) сапарлар, кеңестер және сапарларды жоспарлау жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін ақпарат беру;

      б) қонақ үйлерде орындарды бронға қою;

      в) ұшақтарда, пойыздарда, автобустарда орындарды броньға қою және саяхатқа байланысты өзге де көрсетілетін қызметтер.

      2. Қылмыстық құқыққа байланысты заң консультациялары және өкілдік ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      3. Құқықтың басқа салаларымен байланысты сот рәсімдерінде заң консультациялары және өкілдік ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      4. Заңда көзделген квази-сот трибуналдарының, алқалардың және т. б. рәсімдерінде заң консультациялары және өкілдік ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер

      5. Заң құжаттамасын жасау жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      6. Төрелік және татуласу жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      7. Төлемге қабілетсіз кәсіпорынның басшылығы және (немесе) кредиторлары үшін консультациялар мен көмек беру және (немесе) таратушы немесе төлемге қабілетсіз кәсіпорынды таратушы немесе оның мүлкін басқарушы ретінде шаралар қабылдау бөлігінде төлем қабілетсіздігімен және берешекті өндіріп алумен байланысты көрсетілетін қызметтер.

      8. Экология саласындағы консультативтік көрсетілетін қызметтер.

      9. Аумақты рекультивациялауды жоспарлау жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      10. Экологиялық зерттеулерді бағалау бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтер.

      11. Табиғи ресурстарды басқару мәселелері бойынша консультация беру.

      12. Қалдықтарды басқару мәселелері бойынша консультация беру.

      13. Экологиялық саясатты әзірлеу бойынша консультациялар.

      14. Қоршаған орта саласындағы өзге де консалтингтік көрсетілетін қызметтер.

      15. Дезинфекция және дезинсекция бойынша көрсетілетін қызметтер.

      16. Киноиндустрияда, театрда және ойын-сауық қызметтерінің басқа салаларында немесе спорттық аттракциондарда жұмыс тапқысы келетін адамдарға агенттіктер мен агенттер көрсететін қызметтер, кітаптар, театр пьесалары, өнер туындылары, фотосуреттер және т. б. дайындау және тарату үшін баспагерлерді, продюсерлерді және басқа тұлғаларды таңдау жөніндегі көрсетілетін қызметтері басқа санаттарға кірмейтін басқа да көмекші көрсетілетін қызметтер.

      17. Кинофильмдер, телевизия және театр қойылымдары үшін актерлерді іріктеу, төмендетілген бағамен сатып алуға талондар мен сыйлық маркаларын шығару жөніндегі көрсетілетін қызметтер бөлігінде басқа санаттарға енгізілмеген өзге де қосалқы көрсетілетін қызметтер.

      18. Алкогольдік сусындар өндірісін қоспағанда, тамақ өнімдері мен сусындар өндірісі саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      19. Тоқыма бұйымдарын өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      20. Киім өндірісі саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      21. Былғарыдан жасалған бұйымдар өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      22. Жиһазды қоспағанда, ағаштан және тығыннан, сабаннан және өрімнен жасалған бұйымдар өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      23. Қағаз және қағаздан жасалған бұйымдар өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      24. Негізгі металдар өндірісі саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      25. Дайын металл бұйымдарын өндіру саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер және металды өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      26. Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндірісі саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      27. Басқа көлік жабдықтарын өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      28. Кеңсе, есептеу және электрондық-есептеу машиналарын өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      29. Электр машиналары мен аппаратураларын өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      30. Радио және телевизиялық жабдықтар мен аппаратураларды, сондай-ақ байланыс жабдықтары мен аппаратураларын өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      31. Медициналық, дәлме-дәл және оптикалық аспаптарды, қол және өзге де сағаттарды өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      32. Медициналық, дәлме-дәл және оптикалық аспаптарды, қол және өзге де сағаттарды өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      33. Целлюлоза, қағаз және картон өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер бөлігінде қағаз және қағаздан жасалған бұйымдар өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      34. Гофрленген қағаз және картон өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      35. Өзге де қағаз бұйымдарын өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      36. Негізгі химиялық заттарды өндіру бөлігінде химикаттар мен химиялық өнімдерді өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      37. Тыңайтқыштар өндіру бөлігінде химикаттар мен химиялық өнімдерді өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      38. Агрохимиялық өнімдер өндіру бөлігінде химикаттар мен химиялық өнімдер өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      39. Бояулар, сабындар, жуғыш заттар, тазалау заттары мен парфюмерия өндіру бөлігінде химикаттар мен химиялық өнімдерді өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      40. Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де химиялық өнімдерді өндіру бөлігінде химикаттар мен химиялық өнімдерді өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      41. Жасанды талшық өндіру бөлігінде химикаттар мен химиялық өнімдерді өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      42. Металл бұйымдарын, машиналар мен жабдықтарды өндіруден басқа өңдеу өнеркәсібінің көрсетілетін қызметтері.

      43. Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      44. Металды өңдеу және оған жабын жағу жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      45. Басқа тұлғаларға тиесілі металдар мен металл бұйымдарын өндіру жөніндегі жалпы инженерлік-механикалық көрсетілетін қызметтер.

      46. Дайын металл бұйымдарын өндіру саласындағы өзге де қызметтер және металды өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      47. Металл бұйымдарын, машиналар мен жабдықтарды өндіруден басқа, жиһазды түпкілікті әрлеу (креслолар мен орындықтарды матамен қаптаудан басқа) бөлігінде өңдеу өнеркәсібінің көрсетілетін қызметтері.

      48. Металл бұйымдарын, машиналар мен жабдықтарды өндіруден басқа, жиһазды лактау, эмальдау, алтын жалату және бояу бөлігінде өңдеу өнеркәсібінің көрсетілетін қызметтері.

      49. Сығып шығару, престеу, штамптау, экструдтау арқылы және өзге де тәсілдермен пластмасса бұйымдарын өндіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      50. Иілгіш шойын құю жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      51. Сфероидальдық шойын құю жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      52. Сұр шойын құю жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      53. Болат құю жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      54. Жеңіл металл құю жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      55. Басқа да қара емес металдарды құю жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      56. Металл құю жөніндегі көрсетілетін қызметтер (металл бұйымдарын соғу, престеу, штамптау және профильдеу бойынша және металл керамика бойынша көрсетілетін қызметтер).

      57. Металл бұйымдарын суық престеу немесе профильдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      58. Чертеждерге сәйкес түсті металдарды штамптау бойынша көрсетілетін қызметтер.

      59. Металл прокаты бойынша көрсетілетін қызметтер.

      60. Чертеждерге сәйкес кесу және штамптау жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      61. Металл бұйымдарын тікелей металл ұнтағынан ыстық өңдеу (қыздыру) немесе престеу жолымен өндіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      62. Балалар спорттық және туристік лагерлерінің көрсетілетін қызметтері.

      63. Қоғамдық тамақтандыру көрсетілетін қызметтері мыналар бойынша:

      а) салқын сусындар сататын барларда, қуырылған балық пен картоп сататын киоскілерде, отыратын орындары жоқ жылдам қызмет көрсететін мекемелерде және алып кететін азық-түлік сататын мекемелерде тамақ дайындау және тиісті сусындарды ұсыну;

      б) балмұздақ дәмханасы және кондитерлік өнімдер сияқты мекемелер ұсынатын қызмет;

      в) жергілікті жерде дайындалған және сауда автоматтары арқылы берілетін тағамдар мен тіскебасарларды ұсыну;

      г) қозғалыс құралдарын пайдалана отырып тамақпен қамтамасыз ету, жергілікті жерде тұтынуға арналған тағамдар мен сусындарды машиналар мен арбаларда дайындау және ұсыну.

      64. Жүргізушісі бар жолаушылар көлігін жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      65. Жүргізушісі бар қалалық және қалааралық автобустарды жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      66. Ұлттық пошта әкімшіліктері көрсететін қызметтер болып табылмайтын, көліктің бір немесе одан көп түрлерін пайдалана отырып, жүктерді, пакеттерді жергілікті және шетелдік алушыларға жинау, тасымалдау және жеткізу жөніндегі курьерлер көрсететін қызметтер бөлігінде курьерлік көрсетілетін қызметтер.

      67. Телефон қоңырауларына қызмет көрсету орталықтарының көрсетілетін қызметтері.

      68. Телефонистердің басқа да қосалқы көрсетілетін қызметтері.

      69. Үй жануарларына арналған үй-жайларды орналастыру бөлігінде мал шаруашылығына қатысты көрсетілетін қызметтер.

      70. Мал шаруашылығына қатысты қызметтер мыналар бойынша:

      а) үй жануарларына күтім жасау;

      б) үй жануарларын сәйкестендіру.

      71. Сыйақы үшін немесе шарт негізінде аңшылық шаруашылығын пайдалану бөлігінде аңшылыққа жататын көрсетілетін қызметтер.

      72. Компьютерлік жабдыққа техникалық күтім жасау, оны жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      73. Аяқ киім мен былғарыдан жасалған бұйымдарды жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтер.

      74. Киімдерді және тұрмыстық мақсаттағы тоқыма бұйымдарын жөндеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      75. Үй жануарлары мен қолға үйретілген жануарларға көрсетілетін ветеринариялық көрсетілетін қызметтер:

      а) үй жануарлары мен қолға үйретілген жануарларға көрсетілетін, жануарды емдеуге, қалпына келтіруге және (немесе) оның саулығын қолдауға арналған жануарлар ауруханалары мен ветеринариялық емханалардың көрсетілетін қызметтері және ауруханадан тыс медициналық, хирургиялық және стоматологиялық көрсетілетін қызметтер;

      б) ауруханалар мен зертханалардың қызметтері, сондай-ақ техникалық қызметтер көрсетілетін қызметтер, тамақтандыру (арнайы тамақтандыру режимдерін қоса алғанда) және басқа да ұсынылатын жағдайлар мен мүмкіндіктер.

      76. Ауыл шаруашылығы жануарларына көрсетілетін ветеринариялық қызметтер:

      а) ауыл шаруашылығы жануарына көрсетілетін, жануардың саулығын емдеуге, қалпына келтіруге және (немесе) қолдауға арналған жануарлар ауруханалары мен ветеринариялық ауруханалардың көрсетілетін қызметтері және ауруханадан тыс медициналық, хирургиялық және стоматологиялық көрсетілетін қызметтер;

      б) ауруханалар мен зертханалардың көрсетілетін қызметтері, сондай-ақ техникалық көрсетілетін қызметтер, тамақтандыру (арнайы тамақтандыру режимдерін қоса алғанда) және басқа да ұсынылатын жағдайлар мен мүмкіндіктер.

      77. Басқа да ветеринариялық көрсетілетін қызметтер:

      а) үй жануарлары мен қолға үйретілген жануарлардан басқа (хайуанаттар бағындағы жануарларды және аң терісін немесе басқа да өнімді алу үшін өсірілетін жануарларды қоса алғанда) жануарларға көрсетілетін, жануарды емдеуге, қалпына келтіруге және (немесе) оның саулығын қолдауға арналған жануарлар ауруханалары мен ветеринариялық емханалардың көрсетілетін қызметтері және ауруханадан тыс медициналық, хирургиялық және стоматологиялық көрсетілетін қызметтер;

      б) ауруханалар мен зертханалардың көрсетілетін қызметтері, сондай-ақ техникалық көрсетілетін қызметтер, тамақтандыру (арнайы тамақтандыру режимдерін қоса алғанда) және басқа да ұсынылатын жағдайлар мен мүмкіндіктер.

      78. Кәріз ағындарын өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер мыналар бойынша:

      а) әдетте кәріз құбырларын, коллекторларды немесе ағынды суларды пайдалану арқылы іркінділерді жою;

      б) әдетте, сұйылту, елеу және сүзу, тұндыру, тұнбаның химиялық түзілуі және т. б. процестерді қолдана отырып, ағынды суларды өңдеу және жою.

      79. Санитариялық көрсетілетін қызметтер мыналар бойынша:

      а) жағажайды тазалау;

      б) бітелген ағындарды тазарту.

      80. Театр, опера, балет, музыкалық спектакльдер мен концерттерді, "жарық пен дыбыс" қойылымдарын, қуыршақ театрларының қойылымдарын, отшашулар мен цирк қойылымдарын жасау (қойылымдар және т. б.) және ұсыну бөлігінде ойын-сауық іс-шараларын жасау және ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      81. Кинофильмдерді кинотеатрларда, ашық ауада немесе киноклубтарда, жеке демонстрациялық залдарда немесе басқа да демонстрациялық үй-жайларда көрсету бөлігінде кинофильмдерді көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      82. Театр, опера, балет, музыкалық спектакльдер мен концерттерді, "жарық пен дыбыс" қойылымдарын, қуыршақ театрларының қойылымдарын, отшашулар мен цирк қойылымдарын тарату және ұйымдастыру бөлігінде ойын-сауық іс-шараларын тарату және ұйымдастыру саласындағы көрсетілетін қызметтер.

      83. Ойын-сауық құрылысжайларын пайдалану жөніндегі көрсетілетін қызметтер мыналар бойынша:

      а) концерт залдарын, театрларды, опера театрларын, музыкалық холлдарды пайдалану, оның ішінде билеттерді сату жөніндегі көрсетілетін қызметтер;

      б) мәдени бейімділігі басым көп мақсатты орталықтар мен ұқсас мекемелерді пайдалану.

      84. Орындаушы әртістер көрсететін қызметтер мыналар бойынша:

      а) актерлер, ақындар, әншілер, музыканттар, бишілер, каскадерлер, телевизиялық интервьюерлер және басқа да өнер қызметкерлері көрсететін қызметтер;

      б) тәуелсіз орындаушылар көрсететін қызметтер.

      85. Орындаушы әртістерден басқа авторлар, композиторлар, мүсіншілер және басқа да өнер қызметкерлері көрсететін қызметтер:

      а) суретші-сценографтар, дизайнер-суретшілер, жарық бойынша суретшілер, костюм бойынша суретшілер көрсететін қызметтер;

      б) өнер туындыларын реставрациялау жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      86. Құрғақ химиялық тазалау (тері бұйымдарын тазалауды қоса алғанда) бойынша көрсетілетін қызметтер.

      87. Сұлулық салондары мен сауықтыру кабинеттері көрсететін қызметтер мыналар бойынша:

      а) әйелдер мен ерлер шаштараздарының көрсетілетін қызметтері;

      б) косметикалық көрсетілетін қызметтер, маникюр және педикюр;

      в) сауықтыру кабинеттері көрсететін қызметтер (түрік моншалары, сауналар мен бу моншалары, солярийлер, арықтатуға арналған салондар, денсаулық орталықтары, массаж кабинеттері (емдік массаж кабинеттерінен басқа) және осыған ұқсас мекемелер көрсететін түрлі сауықтыру қызметтері);

      г) басқа санаттарға енгізілмеген сұлулық салондары көрсететін өзге де қызметтер.

      88. Тату-суретшілер көрсететін қызметтер.

      89. Автотұрақта көрсетілетін қызметтер.

      90. Билеттерді сату бөлігінде басқа санаттарға енгізілмеген өзге де қосалқы көрсетілетін қызметтер.

      91. Дыбыс материалдарын жасау жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      92. Кино және бейнефильмдер өндірісіне жататын қосалқы көрсетілетін қызметтер бөлігінде кино және бейнефильмдер өндірісі техникасына байланысты және басқа санаттарға енгізілмеген көрсетілетін қызметтер (редакциялау, монтаждау, бояу, дыбыстау, титрлеу, арнайы эффектілер, фильмді өңдеу, фильмді көрсету және дыбысталған материалды басып шығару және басқалар).

      93. Орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық іс-шаралары мен ойын-сауық саласындағы көрсетілетін қызметтер мыналар бойынша:

      а) кинематографиялық және аудиовизуалды туындыларды қоспағанда, орындаушылық шығармашылыққа, әдеби және музыкалық шығармаларға қатысты көрсетілетін қызметтер;

      б) басқа санаттарға енгізілмеген ойын-сауыққа қатысты қосымша көрсетілетін қызметтер (ауысымды басқару, орындаушылық өнерге байланысты декорациялармен, жарықтандыру және дыбыстық аппаратурамен жұмыс).

      94. Ботаникалық және зоологиялық бақтар көрсететін қызметтер мыналар бойынша:

      а) ботаникалық және зоологиялық бақтарға баруды ұйымдастыру;

      б) ботаникалық және зоологиялық бақтарды тиісті деңгейде сақтау және ұстау.

      95. Спортпен шұғылдануды және спорттық-сауықтыру іс-шараларын насихаттау және ұйымдастыру саласындағы көрсетілетін қызметтер мыналар бойынша:

      а) спортты, оның ішінде оның түрлерін танымал ету;

      б) спортпен шұғылдануға мүмкіндік беретін спорт клубтары ұйымдастыратын спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және оларға басшылық ету.

      96. Үй жануарларын үйретуге байланысты көрсетілетін қызметтер;

      97. Сауықтыру орталықтары мен демалыс үйлері көрсететін қызметтер.

      98. Тұру үшін жиһаз қойылған орындарды жалға беру бойынша көрсетілетін қызметтер.

      99. Жастар жатақханалары көрсететін қызметтер.

      100. Кемпингтер мен жылжымалы саяжайларға арналған тұрақтар көрсететін қызметтер.

      101. Басқа санаттарға енгізілмеген уақытша тұру үшін көрсетілетін қызметтер.

      102. Компьютерлік жабдықтар бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтер және ұйымдардың компьютерлік ресурстарын, жүйелерді интеграциялауға (компьютерлік жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді интеграциялауда техникалық сараптамалық көмек көрсету) басқаруға байланысты мәселелер бойынша қызметтер көрсету және көмек көрсету бөлігінде жүйелерді интеграциялау жөніндегі көрсетілетін қызметтер (ұйымдардың компьютерлерге қажеттіліктерін бағалау, ұйымның аппаратураны сатып алуын жоспарлау, клиентке компьютерлік жабдықтарды сатып алу мәселелері бойынша консультация беру, жүйелердің қауіпсіздігі мәселелері бойынша консультация беру, ұйымдардың компьютерлермен байланысты операциялары бойынша ревизия жүргізу және т. б.).

      103. Бағдарламалық қамтылымды әзірлеу (бағдарламаларды талдау, жобалау және жасау), бағдарламалық қамтылымды бейімдеу, компьютерлік бағдарламалық қамтылыммен байланысты техникалық мәселелер бойынша консультациялар мен көмек көрсету, зерттеулер жүргізу, жүйені жұмысқа енгізу міндеттерін шешу, жаңа жүйені іске қосу кезеңінде басшылық нұсқаулар беру және көмек көрсету, дерекқордың және т.б. қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзіндік ерекшеліктер беру, патенттелген бағдарламалық қамтылым бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтер жөніндегі қызметтер бөлігінде бағдарламалық қамтылым жөніндегі консультациялық көрсетілетін қызметтер.

      104. Компьютерлермен байланысты және басқа санаттарға енгізілмеген кәсіби қызметтерді көрсету бөлігінде компьютерлермен байланысты өзге де консультациялық көрсетілетін қызметтер: қызмет көрсету мәселелері бойынша келісімдерді әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер, авария болған жағдайда бағдарламалық қамтылымды қалпына келтіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер, жабдықтарды іске қосуды жоспарлау жөніндегі көрсетілетін қызметтер, сапаны қамтамасыз етуді жоспарлау және тексеру жөніндегі көрсетілетін қызметтер, жүйені іске қосуды материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер, жүйенің жұмыс сапасын қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер, басқа санаттарға енгізілмеген көрсетілетін қызметтерді ұсыну.

      105. Клиентке тиесілі (олар жалға алған) компьютерлік жүйелерді басқару немесе оларды клиентке немесе өнім берушіге тиесілі жерде болуына не болмауына қарамастан, үздіксіз негізде пайдалану үшін персоналды ұсыну бөлігінде компьютерлік жабдықты пайдалануды басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтер. Тиісті бағдарламалық қамтылымды әзірлеу осы көрсетілетін қызметтің, оның ішінде компьютерлік жүйелерді (бағдарламалық қамтылымды) қалыпты, жұмыс күйінде ұстауға көмек көрсету, түзету немесе алдын алу әрекеттерін көздеуі мүмкін және іркілістерді анықтау, оқшаулау және жою мақсатында сынау сияқты қызметтерді қамтуы мүмкін техникалық қызмет көрсету, қолданыстағы бағдарламаларды жақсарту, жүйені тиісінше пайдалануға қатысты консультациялар беру бөлігінде жүйелерге техникалық қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтердің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылуы мүмкін.

      106. Мотоциклдер мен қарда жүретін көліктерге қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      107. Автотіркемелерге, жартылай тіркемелерге және басқа да автокөлік құралдарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      108. Пәнаралық салалардағы зерттеулер мен тәжірибелік әзірлемелер бойынша көрсетілетін қызметтер.

      109. Өнімділікті арттыру, өндірістік шығындарды қысқарту және өнім сапасын арттыру әдістерін қоса алғанда, консультациялық, басқарушылық және жедел көмек көрсету бөлігінде өндірісті басқару мәселелері бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтер.

      110. Логистика саласындағы басқару мәселелері бойынша консультативтік көрсетілетін қызметтер.

      111. Өңірлік даму, өнеркәсіптік даму және туризмді дамыту бөлігінде кәсіпкерлік саласындағы консультациялық көрсетілетін қызметтер.

      112. Математиктер, статистер және т. б. көрсететін ғылыми консультациялық қызметтер бөлігінде басқа санаттарға енгізілмеген ғылыми және техникалық консультациялық көрсетілетін қызметтер.

      113. Клиенттің тапсырмасы бойынша жобаны дайындау, жүзеге асыру және аяқтау процесінде ресурстарды үйлестіру және олардың пайдаланылуын бақылауды ұйымдастыру бөлігінде құрылыс жобаларына басшылықтан етуден (басқарудан) басқа басқару мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер.

      114. Жобаларды басқару бойынша көрсетілетін қызметтер (есептілік пен шығыстарды бақылау, сатып алу, жұмыс графигін жоспарлау, қосалқы мердігерлердің жұмысын үйлестіру, сапаны тексеру және бақылау және т. б.).

      115. Өз персоналын ұсынумен немесе ұсынбай басқару мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер және әкімшілік көрсетілетін қызметтер.

      116. Қаптау бойынша көрсетілетін қызметтер.

      117. Табиғатты және ландшафттарды қорғау бөлігінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады