2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №7 қосымша) 4, 13, 16 және 17-тармақтарына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы тапсырмасын орындау үшін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы "Өздеріне қатысты экспорт пен импорттың сандық шектеулері белгіленген тауарлар тізбесінің 21.1-бөліміне өзгерістер енгізу туралы және ағаш материалдарының жекелеген түрлеріне қатысты экспорттың уақытша сандық шектеулерін енгізу туралы" № 194 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) аталған Шешімге № 1 қосымшада:
1-тармақта "Бөрене, кесек отын, бұтақ, шөпшем байламдары түріндегі немесе соған ұқсас түрлердегі отын сүрегі**" атауы бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұзындығы 0,5 м-ден кем және қалыңдығы 16 см-ден кем бөренелерден және ұзындығы 0,5 м-ден кем бөренелерден басқа, бөрене, кесек отын, бұтақ, қылқанжапырақ байламы түріндегі немесе осыған ұқсас түрлердегі отын сүрегі және ұзындығы 0,5 м-ден кем және қалыңдығы 16 см-ден кем, ұзындығы 0,5 м-ден кем және қалыңдығы 16 см және одан да көп жарылған бөренелер және ұзындығы 0,5 м-ден кем және қалыңдығы 16 см және одан да көп жарылған кесек отындар** |
4401 11 000 1-ден |
3-тармақ "ЕАЭО СЭҚ ТН кодын басшылыққа алу қажет." деген сөздерден кейін ", бұған ЕАЭО СЭҚ ТН 4401 11 000 1 және 4401 12 000 1 кіші қосалқы позициясындағы отын сүрегі қосылмайды, оған қатысты ЕАЭО СЭҚ ТН коды да, тауарды атауы да қолданылады" деген сөздермен толқтырылсын.
б) аталған Шешімге № 2 қосымшаның бірінші позиициясында:
"Тауардың атауы" графасында мәтін "ұзындығы 0,5 м-ден кем және қалыңдығы 16 см-ден кем бөренелерден және ұзындығы 0,5 м-ден кем және қалыңдығы 16 см-ден кем кесек отындардан, ұзындығы 0,5 м-ден кем және қалыңдығы 16 см-ден және одан да көп жарылған бөренелерден және ұзындығы 0,5 м-ден кем және қалыңдығы 16 см-ден және одан да көп жарылған бөренелерден басқа"деген сөздермен толықтырылсын;
"Тауардың атауы" графасындағы "ұзындығы 0,5 м-ден кем және қалыңдығы 16 см-ден кем бөренелерден және ұзындығы 0,5 м-ден кем және қалыңдығы 16 см-ден кем бөренелерден, ұзындығы 0,5 м-ден кем және қалыңдығы 16 см-ден және одан да көп жарылған бөренелерден және ұзындығы 0,5 м-ден кем және қалыңдығы 16 см-ден және одан да көп жарылған бөренелерден басқа" деген сөздер "ұзындығы 0,5 м-ден кем және қалыңдығы 16 см-ден кем пакеттелген немесе буып-түйілген бөренелерден, ұзындығы 0,5 м-ден кем пакеттелген немесе буып-түйілген кесек отындардан қалыңдығы 16 см-ден кем, ұзындығы 0,5 м-ден кем және қалыңдығы 16 см-ден және одан да көп пакеттелген немесе буып-түйілген жарылған бөренелер және ұзындығы 0,5 м-ден кем және қалыңдығы 16 см-ден және одан да көп пакеттелген немесе буып-түйілген жарылған кесек отындардан басқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ЕАЭО СЭҚ ТН коды" графасында ЕАЭО СЭҚ ТН "4401 11 000 1" коды "4401 11 000 1-ден" сөздерімен, ЕАЭО СЭҚ ТН "4401 12 000 1" коды "4401 12 000 1-ден" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Өздеріне қатысты экспорт пен импорттың сандық шектеулері белгіленген тауарлар тізбесінің 21.1-бөлімінің кестесінде (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 21 қосымша) екінші позиция атауындағы "ұзындығы 0,5 м-ден кем және қалыңдығы 16 см-ден кем бөренелерден және ұзындығы 0,5 м-ден кем және қалыңдығы 16 см-ден кем кесек отындардан және ұзындығы 0,5 м-ден кем және қалыңдығы 16 см-ден және одан да көп жарылған бөренелерден және ұзындығы 0,5 м-ден кем және қалыңдығы 16 см-ден және одан да көп жарылған кесек отындардан басқа" деген сөздер "ұзындығы 0,5 м-ден кем және қалыңдығы 16 см-ден кем пакеттелген немесе буып-түйілген бөренелерден және ұзындығы 0,5 м-ден кем және қалыңдығы 16 см-ден кем пакеттелген немесе буып-түйілген кесек отындардан, ұзындығы 0,5 м-ден кем және қалыңдығы 16 см-ден кем пакеттелген немесе буып-түйілген жарылған бөренелерден және ұзындығы 0,5 м-ден кем және қалыңдығы 16 см-ден және одан да көп пакеттелген немесе оралған жарылған кесек отындардан басқа" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Осы Шешім 2022 жылғы 28 қаңтардан бастап күшіне енеді, бұған 1-тармақтың "б" тармақшасының үшінші абзацы және 2-тармағы қосылмайды.
Осы Шешімнің 1-тармағының "б" тармақшасының үшінші абзацы және 2-тармағы осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 60 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |