Беларусь Республикасында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуды келісу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 49 шешімі

      Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 79 қаулысымен Беларусь Республикасының аумағында енгізілген әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуды келісу туралы Беларусь Республикасының 2022 жылғы 5 наурызда түскен өтінішіне байланысты және Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) 82-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 79 қаулысымен айқындалған әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін Беларусь Республикасында 2022 жылғы 1 сәуірден бастап қоса алғанда 2022 жылғы 29 маусымға дейінгі аралықта – 90 күнге ұзартумен келісілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 1 сәуірден бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады