Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 120-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 177 шешімімен бекітілген тауарға арналған декларация берілгенге дейінгі тауарлар шығару туралы өтініштің құрылымы мен форматына өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
В. Назаренко |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 71 шешіміне ҚОСЫМША |
Тауарға арналған декларация берілгенге дейінгі тауарлар шығару туралы өтініштің құрылымы мен форматына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 12-тармақтың сегізінші абзацында "97" цифрлары "95" цифрларымен ауыстырылсын.
2. 10-кестеде 13.12.5-позиция және 13.12.5-позицияның "а" және "б" тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"13.12.5 Таза салмағы | гр. 18 (6-бағ.) О 1 | Егер "Таза масса (csdo: UnifiedNetMassMeasure)" деректемесі толтырылған болса, онда "Таза масса (csdo:UnifiedNetMass Measure)" деректемесінде тауардың таза массасының килограмдағы мәнін қамтуға тиіс |
а) өлшем бірлігі | - M 1 | "Таза масса (csdo:UnifiedNetMassMeasure)" деректемесінің "өлшем бірлігі төлсипаты (measurementUnitCode төлсипаты) "166" мәнін қамтуға тиіс |
б) анықтамалықтың (сыныптауыштың) сәйкестендіргіші | - M 1 | "Таза масса (csdo:UnifiedNetMassMeasure)" деректемесінің "анықтамалықтың (сыныптауыштың) сәйкестендіргіші төлсипаты "2016" мәнін қамтуға тиіс". |