Балмұздақты өнеркәсіптік өндіруге арналған желіні Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 72 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабының 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Сүт шикізатын пастерлеу және салқындату, құрғақ ингредиенттерді араластыру, балмұздаққа арналған қоспаны дайындау, гомогендеу, пісу, фризерлеу, салқындату, экструдтау және (немесе) мөлшерлеу, массаға шәрбаттарды, джемдер мен түрлі толтырғыштарды енгізу, дайын балмұздақты мұздату, глазирлеу және буып-түю функцияларын белгілі бір реттілікпен орындайтын, балмұздақ өндіру жөніндегі технологиялық операциялардың толық циклын бірлесіп орындауға арналған жекелеген машиналардан тұратын балмұздақты өнеркәсіптік өндіруге арналған желі сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының ХVI бөліміне 4-ескертпесімен Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8438 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады