Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 76 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі "Кедендік құжаттарды толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштар туралы" № 378 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 12 мамырдағы
№ 76 Шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 Шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Тауарларды өткізу ерекшеліктерінің сыныптауышында (2-қосымша):

      а) 061 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"061

Техникалық реттеу шараларының сақталуын растаумен байланысты емес зерттеулер мен сынақтар жүргізу үшін сынамалар (үлгілер) ретінде орын ауыстыратын тауарлар";

      б) 064 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"064

Техникалық реттеу шараларының сақталуын растау мақсаттары үшін сынамалар (үлгілер) ретінде әкелінетін (әкелінген) тауарлар";

      в) 064 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"065

Декларанттың мақсаттары үшін ғана өнімді өндіру (дайындау) үшін осындай өнімді дайындаушы не ол уәкілеттік берген тұлға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өнімді өндіруге (дайындауға) арналған жиынтықтауыштар, құрауыштар, шикізат және (немесе) атериалдар(Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 130 Шешіміне сәйкес)

066

Дара өнімнің жеке данасы (бұдан әрі – дара дана) не коммерциялық қызмет барысында өтеусіз немесе өтеулі негізде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында олардың таралуын болдырмайтын мұқтаждар үшін әкелінетін (әкелінген) дара дананы дайындау үшін үйлесімділікке ие және бір мақсаты бар дара өнім данасы элементтерінің жиынтығы (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 130 Шешіміне сәйкес)";

      г) 177 және 178 кодтары бар позициялар мынадай редакцияда жазылсын:

"177

Инновациялық ғылыми-технологиялық орталықтардың аумақтарында жылжымайтын мүлік объектілерін салу, жабдықтау және техникалық жарақтандыру кезінде оларды пайдалану мақсаттары үшін әкелінетін немесе жобаға қатысушылардың ғылыми-технологиялық қызметті жүзеге асыруы үшін қажетті тауарлар (акцизделетін тауарларды қоспағанда), сондай-ақ білім беру және (немесе) ғылыми-технологиялық қызметті жүзеге асыру үшін жобаға қатысушылар және өзге де заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер Ресей Федерациясының аумағында пайдалану мақсаттары үшін әкелінетін, оларға қатысты кедендік баждар мен қосылған құн салығын төлеу бойынша шығындарды өтеуге субсидиялар берілетін тауарлар (Ресей Федерациясы үшін) (химиялық, физикалық, биологиялық реактивтер, реагенттер және ғылыми-зерттеу және (немесе) әртүрлі зертханалық жұмыстарға арналған өзге де заттар, препараттар),

178

Инновациялық ғылыми-технологиялық орталықтардың аумақтарында жылжымайтын мүлік объектілерін салу, жабдықтау және техникалық жарақтандыру кезінде оларды пайдалану мақсаттары үшін әкелінетін немесе жобаға қатысушылардың ғылыми-технологиялық қызметті жүзеге асыруы үшін қажетті тауарлар, сондай-ақ 177-кодпен көрсетілген тауарларды қоспағанда (Ресей Федерациясы үшін), жобаға қатысушылар және өзге де заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер білім беру және (немесе) ғылыми-технологиялық қызметті жүзеге асыру үшін Ресей Федерациясының аумағында пайдалану мақсаттары үшін әкелінетін тауарлар (химиялық, физикалық, биологиялық реактивтер, реагенттер және ғылыми-зерттеу және (немесе) әртүрлі зертханалық жұмыстарға арналған өзге де заттар, препараттар)".

      2. Тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктерінің сыныптауышында (6-қосымша) НВТ коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"НВТ

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген тауарларды кедендік декларациялаудың ерекшеліктері".

      3. Кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктер сыныптауышында (7-қосымша) 2.4-кіші бөлімнің 2.4.1-тармағы мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"Тек қана электр қозғалтқышымен қозғалысқа келтірілетін М, MG, N және NG санаттарындағы көлік құралдарына қатысты ҚҚС төлеуден босату

ЭМ

6 экологиялық сыныптағы көлік құралдарының жекелеген санаттарына қатысты ҚҚС төлеуден босату

ТШ

Беларусь Республикасының резиденттері – авиация ұйымдарының Беларусь Республикасының аумағына әуе кемелерін, жинақтаушы бұйымдарды, қосалқы бөлшектерді, жерүсті жабдығын және әуе кемелерін пайдалану кезінде пайдалану үшін қажетті өзге де тауарларды әуе тасымалдары үшін пайдалану немесе авиациялық жұмыстарды орындау мақсатында әкелінетін (әкелінген) тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату

ГА

Беларусь Республикасында тіркелген, орналасқан (тұрғылықты) жері Оршан ауданы болып табылатын заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер әкелетін (әкелген) тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты ҚҚС төлеуден босату

ОР

Беларусь Республикасының аумағында көркемөнер бұйымдарын, хрусталь мен шыныдан жасалған кәдімгі және күрделі конфигурациялы сортты ыдыстарды қолмен дайындау үшін шикізат пен материалдарға қатысты ҚҚС төлеуден босату

ХР

Беларусь Республикасының Ұлттық Банкі және оның құрылымдық бөлімшелері әкелетін (әкелген) тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату

ТБ".

      4. Құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышында (8-қосымша):

      а) 1-бөлім 01415 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"01416

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында оған қатысты кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде техникалық реттеу шараларының сақталуын растау талап етілмейтін сәйкестікті міндетті бағалауға жататын әкелінетін (әкелінген) өнімнің мәлімделген мұқтаждарда және мақсаттарда пайдаланылуын растау туралы хабарлама";

      б) 9-бөлім 09051 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"09991

Ағаш және оны қайта өңдеу өнімдерін тасымалдауға арналған электрондық ілеспе құжат(Ресей Федерациясы үшін)";

      в) 12-бөлім 12010 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"12011

Тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеу актісі

12012

Сәйкестендіру құралдарын өзгерту, алып тастау, жою немесе ауыстыру туралы акті".

      5. Алынуы кеден органдарына жүктелген салықтар, алымдар және өзге де төлемдер түрлерінің жіктеуішінде (9-қосымша):

      а) 3-бөлімнің 3.3-кіші бөлімі 3810 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"Ұсақталған немесе ұнтақталмаған рапс немесе кольза тұқымына арналған кедендік әкету бажы

3820

Былғары шикізатына кедендік әкету бажы

3830

Ағаш материалдары мен ағаш өңдеу өнімдеріне кедендік әкету бажы

3840";

      б) 3-бөлімнің 3.4-кіші бөлімі 4230 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"Темекі шегудің электрондық жүйесіне арналған сұйықтыққа акциздер

4240

Құрамында никотин бар темекі өнімдеріне акциздер

4250".

      6. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу кезінде пайдаланылатын қосымша сипаттамалар мен параметрлер сыныптауышында (21-қосымша):

      а) 111 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"111

ТЕКШЕ САНТИМЕТР, МИЛЛИЛИТР

СМ3, МЛ";

      б) 111 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"121

ТЫҒЫЗ ТЕКШЕ МЕТР

ТЫҒЫЗ МЗ".

      7. Валюта сыныптауышы (23-қосымша) 937 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"926

VED

Боливар Соберано".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады