Рентген қорғаныш бұйымдарын Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 31 мамырдағы № 87 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабының 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Пациенттер мен медицина персоналын рентген сәулесінің әсерінен қорғауға арналған қорғасын ұнтағынан (шамамен 80%) және поливинилхлоридтен тұратын материалдан жасалған киім заттары және киімге керек-жарақтар (мысалы, алжапқыш, алшалғы, белдемше, жамылғы, жаға және т. б.) түрінде ұсынылған рентген қорғаныш бұйымдары сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 3 (б) негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 7806 00 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады