Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (ЕАЭО ТР 044/2017) өзгерістерді күшіне енгізу тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 31 мамырдағы № 89 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мынадай:

      а) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 45 шешіммен қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінде (ЕАЭО ТР 044/2017) белгіленген міндетті талаптарға сәйкес оған қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 97 шешімімен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 45 шешіміне өзгерістер енгізілген емдік-асханалық табиғи минералды су мен емдік табиғи минералды суды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндіруге және айналысқа шығаруға қоса алғанда 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін жол беріледі;

      б) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген өнімнің айналысына дайындаушы белгілейтін жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі деп белгіленсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады