Еуразиялық экономикалық одақтың "Сұйытылған көмірсутек газдарына отын ретінде пайдалану үшін оларға қойылатын талаптар" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 036/2016) талаптарына сәйкестікті міндетті бағалауға жататын, кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде техникалық реттеу шараларының сақталуы расталатын өнімдердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 14 маусымдағы № 91 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы Хаттаманың 8-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 130 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібінің 2-тармағының "а" тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың "Сұйытылған көмірсутек газдарын отын ретінде пайдалану үшін оларға қойылатын талаптар" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 036/2016) талаптарына сәйкестікті міндетті бағалауға жататын, кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде техникалық реттеу шараларының сақталуы расталатын өнімдердің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының

2022 жылғы 14 маусымдағы

№ 91 шешімімен

БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың "Сұйытылған көмірсутек газдарына отын ретінде пайдалану үшін оларға қойылатын талаптар" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 036/2016) талаптарына сәйкестікті міндетті бағалауға жататын, кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде техникалық реттеу шараларының сақталуы расталатын өнімдердің ТІЗБЕСІ

Өнімнің атауы
 

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Сәйкестікті бағалау туралы құжат (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтер)

Ескертпе

1

2

3

4

1. Отын ретінде коммуналдық-тұрмыстық және өндірістік тұтыну үшін пайдаланылатын сұйытылған көмірсутекті газ
 
 
 
 
 
 
 
 
2. Автомобиль көлігі үшін мотор отыны ретінде пайдаланылатын сұйытылған көмірсутекті газ
 

2711 12 940 0
2711 12 970 0
2711 13 910 0
2711 13 970 0
2901 10 000 1
 
 
2711 12 940 0
2711 12 970 0
2711 13 970 0

сәйкестік туралы декларация
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
сәйкестік туралы декларация


      Ескертпе. Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін өнімнің атауын да, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да пайдалану қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады