Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 11 мамырдағы № 51 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 24 маусымдағы № 94 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес киімге арналған тұрмыстық бумен жібіткішті сыныптау туралы" 2017 жылғы 11 мамырдағы № 51 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ауыспалы ток кернеуі 220 – 240 В электр құралы болып табылатын, булау режимдерін ауыстырып қосуды басқару блогымен, тік типтегі телескоптық тірегімен, саптамалары бар бу шығаратын шлангпен, қатпарларды, мыжықтарды, бүкпелерді, ластануларды кетіру, иістерді жою мақсатында киім мен тоқыма бұйымдарын бумен өңдеуге арналған резервуармен жабдықталған, суға арналған резервуардың көлеміне есептелген (сумен жабдықтау жүйесіне қосылу мүмкіндігінсіз) бу шығару бойынша жұмыс ұзақтығымен су резервуарында оны қайнау температурасына дейін қыздырған кезде пайда болатын қысым есебінен бу жіберетін түтікпен жабдықталған, киім мен тоқыма бұйымдарына арналған тұрмыстық еден булағыш 1 Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 8516 тауар позициясында сыныпталады.";

      б) мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

      "11. Ауыспалы ток кернеуі 220 – 240 В электр құралы болып табылатын, жапсарлас электр қыздырғыш элементі бар, булау режимдерін ауыстырып қосуды басқару блогымен, суға арналған резервуармен, қатпарларды, мыжықтарды, бүкпелерді, ластануларды кетіру, иістерді жою мақсатында су ыдысының көлеміне есептелген бу өндіру бойынша жұмыс ұзақтығымен, киім мен тоқыма бұйымдарын суға арналған резервуарда қайнау температурасына дейін қызған кезде пайда болатын қысым есебінен түсетін бумен өңдеуге арналған, щетка-саптамамен (немесе онсыз) жарақталған электр аспабы болып табылатын киім мен тоқыма бұйымдарына арналған тұрмыстық қолмен булағыш 1 Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі ережесіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 8516 тауар позициясында сыныпталады.";

      в) көрсетілген Шешімге қосымша алып тасталсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады