Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестер тізбесіне өзгеріс енгізу және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 30 қазандағы № 179 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 13 шілдедегі № 102 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың 9-тармағына сәйкес (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесінің 66, 68, 69-позициялары алып тасталсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тауарлардың сыртқы саудасы саласында берілген лицензиялар, рұқсаттар және қорытындылар (рұқсат беру құжаттары) туралы дерекқорды қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін лицензиялар мен рұқсаттарға қатысты бөлігінде сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы" 2018 жылғы 30 қазандағы № 179 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады