Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 19 шілдедегі № 104 шешімі

      Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың 17-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 19-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1. "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін бақылауға жататын тауарларға бірыңғай ветеринариялық сертификаттардың нысандары туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын, ірі қара және ұсақ малдан алынған сүтке және сүт өнімдеріне ветеринариялық сертификат (№ 28 нысан) (қоса беріліп отыр);";

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын ірі қара және ұсақ малдан алынған сүт және сүт өнімдеріне ветеринариялық сертификат нысанында (№ 28 нысан):

      сертификаттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын, ірі қара және ұсақ малдан алынған сүтке және сүт өнімдеріне ветеринариялық сертификат";

      мәтін бойынша "сүт өнімдері" деген сөздер тиісті септікте "сүт өнімі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың үшінші абзацындағы "экспортқа дейінгі сертификаттар" деген сөздер "экспортқа дейінгі сертификаттар*" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын сүт дені сау жануарлардан алынған, ал сүт өнімдері сүтті қайта өңдеу кәсіпорындарында өндірілген.";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе. Ветеринариялық сертификат Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын және кез келген мөлшерде сүт компоненттері бар тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген ЕАЭО СЭҚ ТН 1901 және 2106 тауар позициясынан тауарларды (тамақ өнімдерін) экспорттау кезінде де қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы сілтемемен толықтырылсын:

      "*Еуропа Одағына мүше мемлекеттер үшін. Бұл ретте, экспортқа дейінгі сертификат деп Еуропа одағының аумағы бойынша өткізу үшін Еуропа одағына мүше мемлекеттің құзыретті органының сертификаттаушы лауазымды тұлғасы берген және онда көрсетілген ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық-санитариялық талаптарына сай келетінін растайтын ілеспе құжат (ресми сертификат) түсініледі.".

      2. Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне сәйкес дайындалған № 28 нысан бойынша шығарылған ветеринариялық сертификаттардың бланкілері осы Шешім күшіне енгенге дейін 2023 жылғы 1 наурызға дейінді қоса алғанда қолданылады деп белгіленсін.

      3. Осы Шешім 2022 жылғы 28 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады