Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қыздырғыш элементтері бар қазандықпен, бу пистолеті бар бу беретін шлангімен, беткі қабаттарды тазартуға арналған саптамалармен жабдықталған, қысыммен ыстық сулы будың шоғырланған ағынымен ластанған затты тазартуға арналған бу тазартқыш Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 және 6 негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 8424 30 субпозициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |