Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес ауыз қуысы ирригаторын және ауыз қуысы ирригаторына арналған тұтқаны сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 131 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Саптамаларды бекітуге арналған тұтқамен, саптамалармен, су ағынын беруді қосуды (режимдерді ауыстыруды) басқару блогымен, қоректендіру блогымен, тістерді, қызыл иектерді, тіларалық тістерді, ортопедиялық конструкцияларды, импланттарды, ауыз қуысы мен тілдің шырышты қабығын қысыммен су ағынының көмегімен тазалау кезінде тұрмыстық (үй) мақсаттарда пайдалануға арналған, сондай-ақ қызыл иекке массаждық әсер ететін су резервуарымен жабдықталған, кіріктірілген сорғысы бар, салмағы 20 кг аспайтын электр аспабы болып табылатын ауыз қуысы ирригаторы Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 және 6 негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 8509 80 000 0 субпозициясында сыныпталады.

      2. Саптамаларды бекітуге арналған саңылауы бар, су ағынын беруді қосу (өшіру) түймесі бар, су ағынын беру үшін ирригатор құрамында пайдалану үшін ирригатор корпусымен біріктіруге арналған шлангісі бар корпус түріндегі пластмассадан жасалған бұйым болып табылатын ауыз қуысы ирригаторына арналған тұтқа Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 және 6 негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 8509 90 000 0 субпозициясында сыныпталады.

      3.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады