Өрт сөндіру жүйесін Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 11 қазандағы № 142 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Өрт сөндіру газын сақтауға арналған баллондардан, іске қосу баллондарынан, коллекторлардан, бүріккіш шүмектерден, сигнал беру және іске қосу құрылғыларынан, өртті анықтау және хабарлау құрылғыларынан, бақылау-өлшеу аспаптарынан және басқару шкафынан, құбырлардан тұратын және өрт дабылы аспаптарынан басқару сигналы түскен кезде өрт сөндіру газын бүркуге арналған өрт сөндіру жүйесі Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1, 4 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8424 10 000 0 қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады