Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын, өнім бермейтін үй жануарлары мен мамық жүнді аңдар үшін азық өндіруге арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізатқа ветеринариялық сертификат нысанына (№ 45 нысан) өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 25 қазандағы № 152 шешімі

      Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымша) 17-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 19-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын, өнім бермейтін үй жануарлары мен мамық жүнді аңдар үшін азық өндіруге арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізатқа ветеринариялық сертификат нысанына (№ 45 нысан) қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне сәйкес дайындалған, осы Шешім күшіне енгенге дейін № 45 нысан бойынша шығарылған ветеринариялық сертификат бланкілері 2023 жылғы 1 шілдеге дейін пайдаланылады деп белгіленсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың 44-тарауына өзгерістер енгізу туралы шешімі күшіне енетін күннен ерте емес күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 25 қазандағы
№ 152 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын, өнім бермейтін үй жануарлары мен мамық жүнді аңдар үшін азық өндіруге арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізатқа ветеринариялық сертификат нысанына (№45 нысан) енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 3.1-тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "балық өңдеу кәсіпорны:".

      2. 4.1-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.1. Мыналар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын, қандай да бір ветеринариялық-санитариялық шектеулер белгіленбеген және ветеринариялық қызметтің бақылауында болатын тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорындарда алынған, өнім бермейтін үй жануарлары мен мамық жүнді аңдар үшін азық өндіруге арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізат болып табылады:

      ветеринариялық-санитариялық сараптаманың нәтижелері бойынша азық өндіруге жарамды деп танылған, өнім бермейтін үй жануарлары мен мен мамық жүнді аңдар үшін азық өндіруге арналған, қасапханаларда немесе ет өңдеу кәсіпорындарында жануарларды немесе құстарды сою және қайта өңдеу кезінде алынған тағамдық емес ет шикізаты (бұдан әрі – тағамдық емес ет шикізаты);

      ветеринариялық-санитариялық сараптаманың нәтижелері бойынша азық өндіруге жарамды деп танылған, өнім бермейтін үй жануарлары мен мамық жүнді аңдар үшін азық өндіруге арналған, балықтардан, шаян тәрізділерден, моллюскалардан немесе өзге де су жануарларынан алынған тағамдық емес балық шикізаты (бұдан әрі – тағамдық емес балық шикізаты).".

      3. 4.2-тармақшадағы "өнім бермейтін үй жануарлары мен мамық жүнді аңдар үшін азық өндіруге арналған жануарлардан алынатын шикізат" деген сөздер "ет шикізаты" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 4.3 тармақшада:

      бірінші абзацтағы "өнім бермейтін үй жануарлары мен мамық жүнді аңдар үшін азық өндіруге арналған жануарлардан алынатын шикізат" деген сөздер "ет шикізаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жиырма жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тағамдық емес ет шикізаты алынған шошқаның тұтас еті трихинеллезге зерттеліп, теріс нәтижесі алынды немесе кестеде көрсетілгендей мұздатылды:".

      5. 4.4-тармақшаның бірінші абзацындағы "өнім бермейтін үй жануарлары мен мамық жүнді аңдар үшін азық өндіруге арналған жануарлардан алынатын шикізат" деген сөздер "ет шикізаты" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. 4.5 тармақшада:

      бірінші абзацтағы "өнім бермейтін үй жануарлары мен мамық жүнді аңдар үшін азық өндіруге арналған жануарлардан алынатын шикізат" деген сөздер "ет шикізаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "жануарлардан алынатын шикізат" деген сөздер "ет шикізаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      тоғызыншы абзацтағы "өнім бермейтін үй жануарлары мен мамық жүнді аңдар үшін азық өндіруге арналған жануарлардан алынатын шикізатында" деген сөздер "ет шикізатында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. Мынадай мазмұндағы 4.51-тармақшамен толықтырылсын:

      "4.51. Тағамдық емес балық шикізаты:

      құрамында биотоксиндер жоқ және өнім бермейтін үй жануарлары мен мамық жүнді жануарлардың саулығына қауіпті паразиттер жұқтырылмаған;

      құрамында: Tetraodontidae, Molidae, Diodontidae және Canthigasteridae тұқымдас улы балықтар жоқ;

      бояғыш заттармен өңделмеген, иондаушы сәулеленбеген;

      сақтау кезеңінде дефростацияға ұшырамаған;

      бүліну белгілері жоқ.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады