Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 және 6 негізгі қағидаларына сәйкес тіс протезін (жеке тісті, көпірді, жабынды протезді) орнату және бекіту мақсатында адамның жоғарғы немесе төменгі жақ сүйегіне имплантацияланатын, жоғалтқан тістің түбірін алмастыратын бұрандалы бұранда болып табылатын, титаннан немесе оның қорытпаларынан жасалған тіс (денталық) имплантаты Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 9021 29 000 9 кіші субпозициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |