Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес эмульсиялық өнеркәсіптік жарылғыш заттардың жарылмайтын компонентін сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 8 қарашадағы № 168 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Құрамында шамамен 74 пайыз селитрасы бар эмульсия болып табылатын (мұнай өнімдері мен эмульгаторлар қоспасында дисперсті аммиак селитрасының сулы ерітіндісі болып табылатын), 60 oС температурада тығыздығы кемінде 1,33 г/см3 болатын, жарылыс жұмыстары үшін қолданылатын өнеркәсіптік жарылғыш заттарды дайындауға арналған эмульсиялық өнеркәсіптік жарылғыш заттардың жарылмайтын компоненті, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 негізгі ережесіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 3824 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады