Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің 15-тармағының 29-тармақшасына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 15 қарашадағы № 173 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің 15-тармағының 29-тармақшасына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 15 қарашадағы
№ 173 шешіміне
ҚОСЫМША

Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің 15-тармағының 29-тармақшасына енгізілетін өзгерістер

      1. Қырқыншы абзац (кестеден кейін) "Қырғыз Республикасының заңнамасына" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының заңнамасына," деген сөздермен толықтырылсын, "тиісінше" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының аумағында" деген сөздермен толықтырылсын, "тауарлар үшін" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасында" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қырық бірінші абзацта (кестеден кейін):

      а) "тұтыну қаптамасына" деген сөздерден кейін "(оның ішінде бөлшек саудаға арналған жиынтық болып табылатын және ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес бір кодпен сыныпталатын тауардың тұтыну қаптамасына)" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) "материалдық жеткізгіш" деген сөздерден кейін "тауарда, бастапқы немесе тұтынушылық қаптамада орналасқан" деген сөздермен толықтырылсын;

      в) мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Тұтыну қаптамасымен біріктірілген және ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес әртүрлі кодтармен сыныпталатын тауарлар үшін мәлімделетін тауар бойынша сәйкестендіру кодтарының жалпы санында осы тауарға қатысты жасалған сәйкестендіру кодтары ғана ескеріледі.".

      3. Қырық екінші Абзац (кестеден кейін) "тұтыну қаптамасына" деген сөздерден кейін "("3" және "4" таңбалау деңгейінің кодтық белгілері бар тұтыну қаптамаларын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын, "материалдық жеткізгіш" деген сөздерден кейін "тауарда, бастапқы немесе тұтыну қаптамасында ("3" және "4" таңбалау деңгейінің кодтық белгілері бар тұтыну қаптамаларын қоспағанда) орналасқан" деген сөздермен толықтырылсын, "топтық қаптамаға салынған" деген сөздерден кейін "немесе осындай топтық қаптамада орналасқан материалдық жеткізгішке" деген сөздермен толықтырылсын, "көліктік қаптамаға" деген сөздерден кейін ", "3" – сәйкестендіру құралы бөлшек саудаға арналған жиынтық болып табылатын және ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес бір кодпен сыныпталатын тауардың тұтынушы қаптамасына немесе осындай тұтыну қаптамасында орналасқан материалдық жеткізгішке, "4" – сәйкестендіру құралы ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес әртүрлі кодтармен сыныпталатын және әртүрлі ТД-да не бір ТД-да жекелеген тауарлар ретінде немесе осындай қаптамада орналасқан материалдық жеткізгішке декларацияланатын бірнеше тауарларды біріктіретін тұтыну қаптамасына салынды".

      4. Қырық үшінші абзац (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қырғыз Республикасының заңнамасына немесе Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес қалыптастырылған жиынтық кедендік кодтар (бұдан әрі – жиынтық кедендік кодтар) (бар болса).".

      5. Елу сегізінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Егер кері импорт немесе ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімдеріне орналастырылатын тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау тауарлар шығарылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қырғыз Республикасының заңнамасына немесе Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болса, осы тармақшаның қырық бірінші – қырық үшінші (кестеден кейін) абзацтарында көзделген мәліметтер көрсетілмейді. Бұл жағдайда "ПВ" 2 таңбалы әріптік коды көрсетіледі.

      Беларусь Республикасында 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісім күшіне енген күні немесе ол күшіне енгеннен кейін көрсетілген Келісімнің 7-бабы ескеріле отырып және кедендік рәсімге орналастырылатын Беларусь Республикасының заңнамасына сәйкес Беларусь Республикасының аумағында сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын және ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт кедендік рәсімі не арналастырылатын тауарлар үшін 13 нөмірімен мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      тауардың әрбір бірлігіне немесе тұтыну қаптамасына (ал ол болмаған жағдайда – бастапқы қаптамаға) немесе тауарда, бастапқы немесе тұтыну қаптамасында орналасқан материалдық жеткізгішке немесе тауарлар жиынтығына (жиынтығына) немесе топтық қаптамаға немесе көліктік қаптамаға салынған сәйкестендіру құралдарындағы сәйкестендіру кодтарының жалпы саны. Беларусь Республикасы үшін сәйкестендіру коды деп Беларусь Республикасының заңнамасына сәйкес криптографиялық алгоритмдерді пайдалана отырып қалыптастырылатын қосымша тексеру коды жоқ таңбалау коды түсініледі;

      таңбалау деңгейінің кодтық белгіленуі ("0" – сәйкестендіру құралы тікелей тауарға немесе тұтыну қаптамасына (ал ол болмаған жағдайда – бастапқы қаптамаға) немесе тауарда, бастапқы немесе тұтыну қаптамасында орналасқан материалдық жеткізгішке,"1" – сәйкестендіру құралы топтық қаптамаға немесе осындай топтық қаптамада орналасқан материалдық жеткізгішке жазылады, "2" – көліктік қаптаманы сәйкестендіру құралы көліктік қаптамаға салынған, "3" – сәйкестендіру құралы тауарлар жиынтығына (жиынтығына), сондай-ақ (қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ТД берген кезде "/" бөлгіш белгісі арқылы) тауарларды немесе топтық қаптаманы немесе көліктік қаптаманы немесе тауарлар жиынтығын (жиынтығын) сәйкестендіру кодтары жазылады;

      тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің Беларусь Республикасының ұлттық компонентінде қалыптастырылған және барлық декларацияланатын тауарларды сәйкестендіру кодтарының (бұдан әрі – агрегация коды) бірлестігі болып табылатын агрегация коды (бар болса).

      Тауарларды сәйкестендіру кодтарының жалпы саны туралы мәліметтер, электрондық құжат түрінде ТД беру кезінде таңбалау деңгейінің кодтық белгісі ТД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіште құжат түрінде ТД беру кезінде – бөлгіш белгісі арқылы көрсетіледі":".

      бір ДТ-да әрбір тауар үшін таңбалаудың бір деңгейіне қатысты 50 сәйкестендіру кодынан асырмай мәлімделмеуі мүмкін. Егер тауарды таңбалаудың қандай да бір деңгейіне қатысты сәйкестендіру кодтарының саны 50-ден асатын болса, онда мұндай тауарлар бір ТД-да жекелеген тауарлар ретінде декларацияланады не мұндай тауарларға қатысты жекелеген ТД берілуі тиіс.

      Сәйкестендіру кодтары агрегация кодына біріктірілген тауарлар үшін сәйкестендіру кодтарының жалпы саны, таңбалау деңгейінің кодтық белгіленуі және сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтер көрсетілмейді.

      Агрегация кодтары, тауарларды сәйкестендіру кодтары, тауарлар жиынтығын (жиынтығын) сәйкестендіру кодтары, топтық қаптаманы сәйкестендіру кодтары, электрондық құжат түріндегі ТД беру кезінде көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодтары әрбір код бойынша ТД құрылымының тиісті деректемелерін толтыру арқылы, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ТД беру кезінде – ТД бағанының тиісті кіші бөлімінде жаңа кодпен кодтың әр түрі бойынша жолдардан бастап көрсетіледі.

      Агрегациялау кодтары, тауарларды сәйкестендіру кодтары, тауарлар жиынтығын (жиынтығын) сәйкестендіру кодтары, топтық қаптаманы сәйкестендіру кодтары, көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодтары осындай кодтардағы әріптер тіркелімін сақтай отырып, ТД-да көрсетіледі.

      Сәйкестендірудің барлық кодтары агрегация кодына біріктірілген тауарларды бір тауар ретінде декларациялау кезінде тек агрегация коды көрсетіледі.

      Бір мезгілде тауарларды сәйкестендіру кодтары, тауарлар жиынтығын (жиынтығын) сәйкестендіру кодтары, топтық қаптаманы сәйкестендіру кодтары (ол болған кезде) және көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодтары бар тауарларды бір тауар ретінде декларациялау кезінде, егер барлық тауарларда көліктік қаптаманы сәйкестендіру коды жазылған көліктік қаптамасы болған жағдайда ғана көліктік қаптаманы сәйкестендіру коды көрсетіледі.

      Бір мезгілде тауарларды сәйкестендіру коды, тауарлар жиынтығын (жинағын) сәйкестендіру коды және топтық қаптаманы сәйкестендіру коды бар тауарларды бір тауар ретінде декларациялау кезінде, егер барлық тауарларда топтық қаптаманы сәйкестендіру коды жазылған топтық қаптамасы болған жағдайда ғана топтық қаптаманы сәйкестендіру коды көрсетіледі.

      Агрегация кодтары, тауарлар жиынтығының (жиынтығының) сәйкестендіру кодтары, топтық қаптаманың сәйкестендіру кодтары, көліктік қаптаманың сәйкестендіру кодтары бар және жоқ тауарларды бір тауар ретінде декларациялау кезінде мыналар көрсетіледі:

      агрегация кодтары (көліктік қаптаманың сәйкестендіру коды жазылған көліктік қаптамасы жоқ тауарлар үшін);

      көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодтары (көліктік қаптаманы сәйкестендіру коды жазылған көліктік қаптамасы бар тауарлар үшін);

      топтық қаптаманы сәйкестендіру кодтары (топтық қаптаманы сәйкестендіру коды және сәйкестендіру кодтары агрегация кодына біріктірілмеген топтық қаптамасы бар тауарлар үшін);

      тауарлар жиынтығын (жиынтығын) сәйкестендіру кодтары (оған салынған тауарлар жиынтығында (жиынтығында) әкелінетін тауарлар үшін тауарлар жиынтығын (жиынтығын) сәйкестендіру коды және сәйкестендіру кодтары агрегация кодына біріктірілмеген);

      тауарларды сәйкестендіру кодтары (көліктік қаптаманы сәйкестендіру коды жазылған көліктік қаптамасы, топтық қаптаманы сәйкестендіру коды жазылған топтық қаптамасы жоқ тауарлар үшін оған салынған тауарлар жиынтығын (жинағын) сәйкестендіру коды бар тауарлар жиынтығына (жинағына) және сәйкестендіру кодтары агрегация кодына біріктірілмеген тауарлар жиынтығында (жинағында) әкелінбейтін тауарлар үшін).

      ТД электрондық құжат түрінде беру кезінде таңбалаудың әрбір деңгейіне қатысты көрсетілген кодтары, агрегация кодтары және сәйкестендіру кодтары бар және жоқ тауарларды бір тауар ретінде декларациялау кезінде ТД құрылымының тиісті деректемелерін толтыру арқылы, ал ТД қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде беру кезінде – тауарларды сәйкестендіру кодтарының жалпы санынан мен бөлгіш белгісінен ":" кейін таңбалаудың әр деңгейі үшін таңбалау деңгейінің кодтық белгіленуінен бастап жеке жолмен көрсетіледі.

      Агрегациялаудың бір коды не топтық қаптаманы сәйкестендірудің бір коды не әртүрлі ТД-да не бір ТД-да жеке тауарлар ретінде декларацияланатын тауарларда көліктік қаптаманы сәйкестендірудің бір коды болған жағдайда, мұндай код әрбір ТД-да не бір ТД-дағы әрбір тауарға қатысты көрсетіледі.

      Егер кері импорт немесе ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімдеріне орналастырылатын тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау тауарлар шығарылғаннан кейін Беларусь Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болса, осы тармақшаның алпыс бірінші – алпыс үшінші (кестеден кейін) абзацтарында көзделген мәліметтер көрсетілмейді. Бұл жағдайда 2 таңбалы "ПВ" әріптік коды көрсетіледі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады