Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 20 қарашадағы № 185 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 180 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 52-бабының 5-тармағына және 266-бабының 24-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу туралы құжат туралы" 2018 жылғы 20 қарашадағы № 185 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2023 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 22 қарашадағы
№180 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 20 қарашадағы № 185 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 1-тармақтың үшінші абзацындағы "тәртібі бекітілсін." деген сөздер "тәртібі;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу туралы құжатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібі бекітілсін.".

      2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу туралы құжаттың нысаны мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 20 қарашадағы
№ 185 шешімімен
(Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 22 қарашадағы
№180 шешімінің
редакциясында)
БЕКІТІЛГЕН

Жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу туралы құжаттың НЫСАНЫ

Жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды
ТӨЛЕУ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТ

Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясының №

В. Төлемдерді есептеу

Жеке жүкқұжат

Түрі

Есептеу базасы

Ставкасы

Сомасы

1

2

3

4

5






Жеке жүкқұжат бойынша барлығы







Жеке жүкқұжат бойынша барлығы







Жеке жүкқұжат бойынша барлығы


Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясы бойынша барлығы


В1. Төлеудің (өндіріп алудың) жай-жапсары

Жеке жүкқұжат
 

Төлеу туралы мәліметтер

Міндеттің тоқтатылуы

1

2

3







Күні

Төлеу туралы құжат толтырылды

      ".

      3. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу туралы құжатты толтыру тәртібінде:

      а) 10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "3-баған толтырылмайды.";

      б) 12-тармақтың екінші абзацы бірінші сөйлемнен кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Егер төлеу туралы құжат кеден органдарының лауазымды адамдарының қатысуынсыз кеден органдарының ақпараттық жүйесімен қалыптастырылса, мұндай мәліметтер көрсетілмейді.".

      4. Мынадай мазмұндағы Жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу туралы құжатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібімен толықтырылсын:

  "Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 20 қарашадағы
№ 185 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу туралы құжатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу ТӘРТІБІ

      1. Осы Тәртіп жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу туралы құжатқа (бұдан әрі – төлеу туралы құжат) өзгерістер (толықтырулар) енгізу қағидаларын айқындайды.

      2. Төлеу туралы құжатта көрсетілген мәліметтер мынадай жағдайларда:

      а) төлеу туралы құжатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттігіне алып келетін өзгерістер (толықтырулар) экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясында (бұдан әрі – ЭЖКЖД) мәлімделген мәліметтерге енгізілген кезде;

      б) кедендік төлемдерді есептеуде, өсімпұлдар сомасын есепке жазуда және (немесе) кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды төлеу (өндіріп алу) туралы мәліметтерден қателер кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша анықталған кезде;

      в) кедендік төлемдерді, өсімпұлдар сомасын төлеу (өндіріп алу) немесе қайтару (есепке жатқызу) туралы мәліметтер көрсетілген кезде;

      г) кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау нәтижелері бойынша не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) сот органдарының күшіне енген шешімдері негізінде;

      д) Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 268-бабы 2-тармағының 13) тармақшасында көзделген мән-жайларды қоспағанда, Кодекске сәйкес төлеу туралы құжатта есептелген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылатын, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындаудан өзгеше мән-жайлар басталған кезде (Беларусь Республикасынан басқа);

      е) Кодекстің 268-бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, төлеу туралы құжатта есептелген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылған кезде (Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы үшін);

      ж) Кодекске сәйкес белгіленген, төлеу туралы құжатта есептелген кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу жөніндегі шаралар қолданылмайтын жағдайларда (Ресей Федерациясы үшін) өзгертуге жатады.

      3. Төлеу туралы құжатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізуді төлеу туралы құжатты толтырған кеден органы (немесе кеден органы төлеу туралы құжатты толтырған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген жағдайларда өзге кеден органы) жүзеге асырады.

      4. Осы Тәртіптің 2-тармағының "а" тармақшасында белгіленген жағдайда төлеу туралы құжатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу:

      ЭЖКЖД-де мәлімделген мәліметтерге тауарлар шығарылғанға дейін өзгерістер (толықтырулар) енгізген кезде – Кодекстің 119-бабының 3-тармағында (ал тауарларды шығару мерзімі ұзартылған жағдайда – 6-тармақта) белгіленген тауарларды шығару мерзімі шегінде;

      ЭЖКЖД-де мәлімделген мәліметтерге тауарлар шығарылғаннан кейін өзгерістер (толықтырулар) енгізілген кезде – экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын түзету тіркелген күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      Осы Тәртіптің 2-тармағының "б" – "ж" тармақшаларында белгіленген жағдайларда төлеу туралы құжатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу кеден органы осындай өзгерістер (толықтырулар) енгізу үшін негіздерді белгілеген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Беларусь Республикасында кедендік баждарды, салықтарды төлеуге (өндіріп алуға) байланысты өзгерістер (толықтырулар) енгізуді Кодекстің 266-бабының 20-тармағына сәйкес айқындалған шоттарға төленген (өндіріп алынған) кедендік баждар, салықтар сомасы түскен айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асыруға жол беріледі.

      5. Төлеу туралы құжатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 20 қарашадағы № 185 Шешімімен бекітілген Жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу туралы құжатты толтыру тәртібіне сәйкес төлеу туралы жаңа құжатты толтыру арқылы жүзеге асырылады, бұл ретте мынадай ерекшеліктер ескеріледі:

      а) "Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясының №" графасында – төлеу туралы бұрын толтырылған құжаттан көшірілген ЭЖКЖД тіркеу нөмірі және төлеу туралы жаңа құжаттың реттік нөмірі көрсетіледі (есеп бойынша бірінші төлеу туралы жаңа құжат үшін – "01", екіншісі – "02", үшіншісі – "03" және т.с.с.). Электрондық құжат түрінде толтырылған төлеу туралы жаңа құжаттың реттік нөмірі – төлеу туралы құжат құрылымының тиісті деректемесінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде толтырылған төлеу туралы жаңа құжаттың реттік нөмірі ЭЖКЖД тіркеу нөмірінен кейін "/" бөлгіш белгісі арқылы көрсетіледі;

      б) 2-бағандағы "В1. Төлеудің (өндіріп алудың) жай-жапсары" графасында – өзгерістер (толықтырулар) енгізілетін төлеу туралы құжаттың 2-бағанның "В1. Төлеудің (өндіріп алудың) жай-жапсары" графасындағы барлық мәліметтер көрсетіледі, сондай-ақ төлеу туралы құжатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізілуіне байланысты, төленген (өндіріп алынған) немесе қайтарылуға (есепке жатқызылуға) жататын кедендік төлемдер, өсімпұлдар сомасы туралы мәліметтер жаңа жолдармен келтіріледі.

      Кедендік төлемдердің, өсімпұлдардың қайтарылуға (есепке жатқызылуға) жататын сомасы туралы мәліметтерді көрсеткен кезде 2-элементтегі төлем, өсімпұл сомасы "-" минус белгісімен көрсетіледі.

      3-баған осы Тәртіптің 2-тармағының "д" – "ж" тармақшаларында көзделген жағдайларда төлеу туралы құжатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізілген кезде толтырылады. 3-бағанда – төлеу жөніндегі міндет тоқтатылған (төлемді, өсімпұлды төлеуге және (немесе) өндіріп алуға байланысты мұндай міндет тоқтатылған жағдайларды қоспағанда) және (немесе) өндіріп алу жөніндегі шаралар қолданылмайтын төлем, өсімпұл сомасы туралы мәліметтер көрсетіледі. Мұндай мәліметтер төлеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуына немесе өндіріп алу жөніндегі шараларды қолданбауға негіз болған құжаттар бөлінісінде төлемнің, өсімпұлдың әрбір түрі бойынша бөлек көрсетіледі.

      Төлеу жөніндегі міндет тоқтатылған және (немесе) өндіріп алу жөніндегі шаралар қолданылмайтын төлем, өсімпұл сомасы туралы мәліметтер мынадай схема бойынша қалыптастырылады:

      1-элемент – алынуы кеден органдарына жүктелген салықтар, алымдар және өзге де төлемдер түрлерінің сыныптауышына сәйкес төлем түрінің коды;

      2-элемент – төлеу жөніндегі міндет тоқтатылған және (немесе) өндіріп алу жөніндегі шаралар қолданылмайтын төлем, өсімпұл сомасы;

      3-элемент – валюта сыныптауышына сәйкес төлем валютасының цифрлық коды;

      4-элемент – төлеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуына немесе өндіріп алу жөніндегі шараларды қолданбауға негіз болған құжаттың нөмірі, егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай құжат жасалатын болса;

      5-элемент – төлеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуына немесе өндіріп алу жөніндегі шараларды қолданбауға негіз болған құжаттың кк.аа.жжжж. (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматындағы күні, егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай құжат жасалатын болса;

      6-элемент – кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылған күн немесе оларды өндіріп алу тоқтатылған күн;

      7-элемент – Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 79 Шешімімен бекітілген Кедендік кіріс ордерін толтыру және оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібіне № 2 қосымшада көзделген, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылатын және (немесе) оларды өндіріп алу жөніндегі шаралар қолданылмайтын жағдайлар сыныптауышына сәйкес жағдай коды.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде төлеу туралы жаңа құжатты толтыру кезінде төлеу жөніндегі міндет тоқтатылған және (немесе) өндіріп алу жөніндегі шаралар қолданылмайтын төлем, өсімпұл сомасы туралы мәліметтер жеке жолдармен келтіріледі (1-элементтен бастап), барлық элементтер бір-бірімен "–" сызықша белгісімен бөлінеді, элементтер арасында ашық жер қалдыруға болмайды.

      Электрондық құжат түрінде төлеу туралы жаңа құжатты толтыру кезінде мұндай мәліметтер төлеу туралы құжат құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі.

      Беларусь Республикасында 3-баған толтырылмайды.

      6. Төлеу туралы жаңа құжат өзгерістер (толықтырулар) енгізілетін төлеу туралы құжат қандай түрде толтырылғанына қарай электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде толтырылады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады