Оның аясында Еуразиялық экономикалық одақ органдарына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес өкілеттіктер берілген салалардың анықтамалығы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 185 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы Хаттаманың 4 және 7-тармақтарына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы Ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақ органдарына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес өкілеттіктер берілген салалардың анықтамалығы (бұдан әрі – анықтамалық) бекітілсін.

      2.  Анықтамалықты Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.

      3.  Анықтамалық осы шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады деп белгіленсін.

      4.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін
уақытша атқарушы
В. Назаренко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 29 қарашадағы
№ 185 Шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Оның аясында Еуразиялық экономикалық одақ органдарына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес өкілеттіктер берілген салалардың АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

I. Анықтамалықтың егжей-тегжейлі мәліметтері

Саланың коды

Саланың атауы

1000

Барлық салалар

0010

Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу

0020

Кедендік реттеу

0030

Техникалық реттеу

0040

Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар

0041

Санитарлық шаралар

0042

Ветеринариялық-санитариялық шаралар

0043

Карантиндік фитосанитариялық шаралар

0050

Кедендік әкелу баждарын есепке жатқызу және бөлу

0060

Үшінші тараптарға қатысты сауда режимдерін белгілеу

0070

Сыртқы және өзара сауда статистикасы

0080

Макроэкономикалық саясат

0090

Бәсекелестік саясат және монополияға қарсы реттеу

0100

Өнеркәсіптік және ауылшаруашылық субсидиялары

0110

Энергетикалық саясат

0120

Табиғи монополиялар

0130

Мемлекеттік және (немесе) муниципалды сатып алулар

0140

Қызметтер мен инвестициялардың өзара саудасы

0150

Көлік және тасымалдау

0160

Валюта саясаты

0170

Зияткерлік меншік

0180

Еңбек көші-қоны

0190

Қаржы нарықтары

0191

Банк саласы

0192

Сақтандыру саласы

0193

Валюта нарығы

0194

Бағалы қағаздар нарығы

0200

Өнеркәсіптік саясат

0210

Агроөнеркәсіптік кешен

0211

Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарының айналысы

0214

Асыл тұқымды өнім өндіру

0215

Асыл тұқымды өнімдердің айналысы

0220

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл

0230

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау

0240

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы

0241

Дәрілік заттардың айналысы

0242

Медициналық бұйымдардың айналысы

0250

Тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау

0260

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарларды қадағалау механизмінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында құқықтық реттеу

0270

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдарының шассиі) жүйелерінің және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында құқықтық реттеу

0990

Басқа салалар

II. Анықтамалықтың паспорты

Р/с №

Элементтің белгіленімі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Коды

1038

2

Типі

1 – анықтамалық

3

Атауы

оның аясында Еуразиялық экономикалық одақ органдарына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес өкілеттіктер берілген салалардың анықтамалығы

4

Аббревиатурасы

ССППОД

5

Белгіленімі

ЕС 038 - 2022 (ред. 1)

6

Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 185 Шешімі

7

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданысқа енгізу (қолдануды бастау) күні

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 185 Шешімінің күшіне ену күні

8

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолдануды тоқтату туралы актінің деректемелері

9

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданылуының аяқталу күні

10

Операторы (операторлары)

Еуразиялық экономикалық комиссия

11

Мақсаты

Еуразиялық экономикалық одақ органдарына өкілеттіктер берілген салалар туралы мәліметтерді жүйелеу және кодтау

12

Аннотациясы (қолдану саласы)

көрсетілген жүйе ресурстарының құрамына кіретін анықтамалықтар мен жіктеуіштерді қолдану салалары туралы мәліметтерді ұсыну кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесін қалыптастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету

13

Негізгі сөздер

Еуразиялық экономикалық одақ, халықаралық шарт, Еуразиялық экономикалық одақ органы, құзырет саласы, өкілеттіктер

14

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала

барлық салалар

15

Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптаманы пайдалану

2-анықтамалықтың халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) баламалары жоқ

16

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) болуы

2-анықтамалықтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде аналогтары жоқ

17

Жүйелеу (сыныптау) әдісі

1 – жүйелеудің реттік әдісі.

18

Жүргізу әдістемесі

1 – анықтамалықты жүргізудің орталықтандырылған әдістемесі.Анықтамалықтың мәндерін қосуды, өзгертуді немесе алып тастауды оператор Еуразиялық экономикалық комиссияның актісіне сәйкес орындайды. Мәні алып тасталған жағдайда анықтамалықтың жазбасы алып тасталған күннен бастап анықтамалықтың жазбасының қолданылуының аяқталуын регламенттейтін Еуразиялық экономикалық комиссияның актісі туралы мәліметтерді көрсете отырып, қолданылмайтын болып белгіленеді. Анықтамалықтың кодтары бірегей болып табылады, анықтамалықтың кодтарын, оның ішінде жарамсыз кодтарды қайта пайдалануға жол берілмейді

19

Құрылымы

анықтамалықтың құрылымының сипаттамасы (анықтамалық жолақтарының құрамы, олардың мәндерінің ауқымы және қалыптастыру қағидалары) осы анықтамалықтың III бөлімінде келтірілген

20

Деректердің құпиялылық дәрежесі

анықтамалықтағы мәліметтер ашық қол жетімді ақпаратқа жатады

21

Қайта қараудың белгіленген мерзімділігі

белгіленбеген

22

Өзгерістер

23

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) егжей-тегжейлі мәліметтерге сілтеме

анықтамалықтан егжей тегжейлі мәліметтер осы анықтамалықтың I бөлімінде келтірілген

24

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді ұсыну тәсілі

Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау

III. Анықтамалық құрылымының сипаттамасы

      1. Осы бөлім анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің салаларын және оларды қалыптастыру қағидаларын айқындайды.

      2. Анықтамалықтың құрылымы мен реквизиттік құрамы мынадай жолдар (графалар) қалыптастырылатын кестеде келтірілген:

      "деректеменің атауы" – деректеменің реттік нөмірі және бекітілген немесе ресми сөзбен белгіленуі;

      "деректеме мағынасының аясы" – деректеменің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары" - деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе деректеменің ықтимал мәндерінің ауызша сипаттамасы;

      "көпт." – деректеменің көптігі (міндеттілік (опциондығы) және деректеменің ықтимал қайталануының саны).

      3. Берілетін деректердің деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады:

      1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      n – деректеме міндетті, n рет қайталануы тиіс (n > 1);

      1..* – элемент міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      n..* – реквизит міндетті, кемінде n рет қайталануы тиіс (n > 1);

      n..m – реквизит міндетті, кемінде n рет және көбінде m рет қайталануы тиіс (n > 1, m > n);

      0..1 – деректеме опционалды, қайталауға жол берілмейді;

      0..* – деректеме опционалды, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      0..m – деректеме опционалды, m реттен артық қайталануы мүмкін емес (m > 1).

      Кесте

Анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамы

Деректеменің атауы

Деректеме мәнінің саласы

Деректемені қалыптастыру қағидалары

Көпт.

1. Еуразиялық экономикалық одақ органы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес өкілеттіктер берген сала

салынған деректемелердің мәндерінің аймақтарымен анықталады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.1. Саланың коды

символдар жолы. Шаблон: \d{4}

кодтық белгілеу сериялық-реттік әдіспен қалыптастырылады

1

1.2. Саланың атауы

символдар жолы.
Ең аз ұзынд.: 1.
Ең үлкен ұзынд.: 250

атауы орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптастырылады

1

1.3. Анықтамалықтың (сыныптауыштың) жазбасы туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен анықталады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

1.3.1. Қолданылуының басталу күні

күннің МемСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында белгіленуі

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданыстың басталу күніне немесе өзгерістер енгізілген күнге сәйкес келеді

1

1.3.2. Әрекеттің басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

салынған деректемелердің мәндерінің аймақтарымен анықталады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

1.3.2.1. Акт түрінің коды

қалыпқа келтірілген символдар жолы.
Шаблон: \d{5}

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің түрінің кодтық белгіленуі

1

1.3.2.2. Актінің нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзынд.: 1.
Ең үлкен ұзынд.: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.3.2.3. Актінің күні

күннің МемСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында белгіленуі

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді

1

1.3.3. Әрекеттің аяқталу күні

күннің МемСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында белгіленуі

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданыстың аяқталу күніне сәйкес келеді

0..1

1.3.4.  Әрекеттің аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

салынған деректемелердің мәндерінің аймақтарымен анықталады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..1

1.3.4.1. Акт түрінің коды

қалыпқа келтірілген символдар жолы.
Шаблон: \d{5}

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің түрінің кодтық белгіленуі

1

1.3.4.2. Акт нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзынд.: 1.
Ең үлкен ұзынд.: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.3.4.3. Номер акта

күннің МемСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында белгіленуі

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады