Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 194 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5 тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2023 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 194 шешіміне
ҚОСЫМША

Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 15-тармақта:

      а) 29) тармақшаның жиырма сегізінші – отыз үшінші абзацтары (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:

      "Егер ТД кеден аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат ретінде пайдаланылатын болса, тауарларды кеден аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырған кезде 6-нөмірмен мыналар:

      қайта өңдеу өнімдерін шығарудың мәлімделген нормасы;

      атауы, сондай-ақ егер ТД 33-графасында көрсетілген кодтан өзгешеленетін болса, ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес коды (егер бұл Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, тауар позициясы деңгейінде) және қайта өңдеу өнімдерінің көлемі;

      кеден аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларды оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері;

      қалдықтар мен қалған бөліктердің атауы мен ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес коды;

      шетелдік тауарларды Одақтың балама тауарларымен (бұдан әрі – балама тауарлар) ауыстыру туралы мәліметтер;

      тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар және оларды жасау тәсілдері туралы мәліметтер көрсетіледі. Егер кеден аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімін қолданудың мақсаты тауарларды жөндеу болып табылса, бұл мәліметтер көрсетілмейді.";

      б) 42) тармақшаның отыз жетінші абзацы (кестеден кейін) "тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияны жүзеге асыратын тұлғаның атауы" деген сөздерден кейін "(ал егер аталған тұлға тауарлардың декларанты болып табылмаса, тауарларды кеден аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру кезінде – осы Тәртіптің 141-тармағына сәйкес осы тұлғаның салық нөмірі қосымша)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. X5-бөлімінің атауындағы және 4121-тармақтың бірінші абзацындағы "кедендік" деген сөз алып тасталсын.

      3. 43-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Армения Республикасында, Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында, егер кеден аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар оларды баламалы тауарлармен алмастыру нәтижесінде Одақ тауарларының мәртебесін алса, "Тауар №__– Одақ тауары" не "Тауар № __көлемі – Одақ тауары" деген жазба жасалады (егер балама тауарлармен ауыстыру тауарлардың бір бөлігіне қатысты жүргізілсе);".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады