Өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі туралы декларацияларды тіркеу, қолданылуын тоқтата тұру, жаңғырту және тоқтату тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 200 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 5-тармағының он бірінші абзацына және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 18 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның қабылданған шешімдерінің нақты әсерін бағалау жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-тармағының "д" тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 41 шешімімен бекітілген Өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі туралы декларацияларды тіркеу, қолданылуын тоқтата тұру, жаңғырту және тоқтату тәртібіне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Берілген сәйкестік сертификаттарының және сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізу туралы шешімі күшіне енген күнінен бастап күшіне енетін өзгерістердің (осы Шешімге қосымша) 2 және 4-тармақтарын қоспағанда, осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 200 шешіміне
ҚОСЫМША

Өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі туралы декларацияларды тіркеу, қолданылуын тоқтата тұру, жаңғырту және тоқтату тәртібіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 4-тармақ "қағаз тасымалдағыштағы құжаттар түрінде" деген сөздерден кейін "тікелей не курьер қызметімен (қолма-қол) не" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 5-тармақтың "а" тармақшасы бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "өнімді сақтау шарттары мен мерзімі (техникалық регламенттерде, нормативтік құжаттарда, стандарттау жөніндегі құжаттарда және дайындаушының техникалық құжаттамасында көзделген жағдайларда);

      өнімнің қызмет ету (жарамдылық) мерзімі немесе ресурсы (техникалық регламенттерде, нормативтік құжаттарда, стандарттау жөніндегі құжаттарда және дайындаушының техникалық құжаттамасында көзделген жағдайларда);".

      3. 8-тармақта:

      а) "5 жұмыс күнінен" деген сөздер "3 жұмыс күнінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) "(сертификаттау жөніндегі орган)" деген сөздерден кейін ", егер техникалық регламентте өзгеше белгіленбесе," деген сөздермен толықтырылсын.

      4. 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 44 шешімімен бекітілген сәйкестікті бағалаудың үлгілік схемаларының 114-тармағында белгіленген жағдайларда, сәйкестік туралы декларацияны (оған қосымшаларды) өнімді қосымша немесе қайта зерттеу (сынау) және өлшеу жүргізбей ауыстыру жүзеге асырылады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады