Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына № 1 қосымшаға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 31 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешімімен бекітілген Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына № 1 қосымшаға өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б. Сұлтанов

А. Кожошев

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2022 жылғы 17 наурыздағы
№ 31 шешіміне
ҚОСЫМША

Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына № 1 қосымшаға енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. "Жеңіл өнеркәсіп" деген III бөлім "5007-ден, 5111-ден, 5112-ден, 5113 00 000 0-ден, 5208-ден, 5209-дан, 5210-дан,5211-ден, 5212-ден, 5310-дан, 5311-ден, 5407-ден, 5408-ден, 5512-ден, 5513-тен, 5514-тен, 5515-тен, 5516-дан, 5801-ден, 5802-ден, 6812-ден тоқыма маталар, 6001-ден, 6002-ден, 6004-тен, 6005-тен, 6006-дан Машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж жаймалар" деген позициялардан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"5607 50 110 0-ден
Сіңірілген немесе сіңірілмеген,
жабыны бар немесе жабынсыз,
қабығы бар немесе қабықсыз
резеңкеден немесе пластмассадан,
нейлоннан немесе өзге де полиамидтерден немесе сызықтық тығыздықтағы
50 000 дтекстен
(5 г/м) астам полиэфирлерден жасалған,
өрілген немесе өрмедегі
жетек арқандар, жіптер, арқандар және тростар
 

мүше мемлекеттердің аумақтарында мынадай операцияларды жүзеге асыру:
мүше мемлекеттің аумағында жұқа жіптер өндіру немесе мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген жұқа жіптерді (оның ішінде боялған) пайдалану;
арқандарға арналғанжұқа жіптерді ширату (өндірістік процесте операциялар болған кезде);
жұқа жіптерді арқандарға арналған ширатпа жіпке бұрау (өндірістік процесте операциялар болған кезде);
арқанның өзегі үшін жұқа жіптерді шиыру;
арқанның иірімжібіне ширата бұрау (өндірістік процесте операциялар болған кезде);
өзекшені жіппен өру (арқанды өңдеумен);
иірімжіптерді арқанға бұрау;
жіптерді орамға орау

 
5609 00 000 0
Жұқа жiптерден немесе иiрiмжiптерден,
54.05 немесе
 54.05 тауар позициясының жалпақ немесе ұқсас
жұқа жiптерiнен, жетек арқандардан, жiптерден,
арқандардан немесе тростардан жасалған, басқа
жерде аталмаған немесе енгiзiлмеген бұйымдар.
 

 
мүше мемлекеттердің аумақтарында мынадай операцияларды жүзеге асыру:
мүше мемлекеттің аумағында өндірілген беріктігі жоғары полиамидті жіптерді немесе полиамидті, полипропиленді тростық ширату арқанын өндіру немесе пайдалану;
ілмектерді, қалқанарды, термо шөгінді түтіктерді, топсалар мен тораптарды пайдалана отырып, тіркеп сүйреу тростарын жинақтау және құрастыру".
 

      2. "Арнайы машинажасау" деген V бөлімде:

      а) "8427-ден, 8436-дан Ағаш тиегіштер" деген позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"8428-ден
Лифттер

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында конструкторлық және техникалық құжаттамаға арналған құқықтардың болуы тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін 5 жылдан кем емес мерзімге жеткілікті көлемде<1>;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында сатудан кейінгі жөндеуді және өнімге кепілдікпен қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервис орталығының болуы;
бір мүше мемлекеттің аумағында өндіру немесе өндірілгендерді пайдалану (технологиялық операцияларды жүзеге асыру):
лифт кабинасының купесін: пішу, кесу, ию, дәнекерлеу (не біріктірудің өзге әдісі), бояу, құрастыру (15 балл);
кабина қаңқасын: пішу, кесу, ию, дәнекерлеу (немесе біріктірудің өзге әдісі), бояу, құрастыру (10 балл);
шахтаның есік жүйелерін (шахта есіктерінің арқалығынан басқа): пішу, кесу, ию, дәнекерлеу (немесе біріктірудің өзге әдісі), бояу, құрастыру (20 балл);
мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген мынадай жинақтауыштарды өндіру немесе пайдалану және өндіріс кезінде технологиялық операцияларды жүзеге асыру (егер жабдықтың конструкциясында немесе оны өндірудің технологиялық процесінде көзделген жағдайда):
кабина есіктерінің жетегі (10 балл);
жүкшығыр (редукторлы жүкшығыр үшін редукторды өндіру және құрастыруды жүзеге асыру қажет), құрастыру, сынау (25 балл);
басқару станциясы, кабинадағы нұсқама-басқару панельдері, қабатты кнопкалық посттар, қабатты индикациялау таблосы: электрлік-монтаж, құрастыру, сынау( 30 балл);
аспалы кабельдің кабельдік өнімі
(кабинаны қосатын басқару станциясы бар) (5 балл);
лифт қауіпсіздігінің тораптары:
буфер (5 балл);
шахта есігінің құлпы (5 балл);
қармағыш (5 балл);
жылдамдықты шектеуіш (5 балл);
негізгі жетектің жиілік түрлендіргішін құрастыруды және сынауды жүзеге асыру (10 балл)";
 

      б) "8430-дан Өздігінен жүретін тегістеу машиналары және жол аунақтары" деген позицияда бірінші бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "8429 40 Тегістеу машиналары мен жол аунақтары

      8430 61 000 0-ден Тегістеуге және тығыздауға арналған машиналар";

      в) "8704 10 Жолсыз жағдайларда пайдалануға арналған автокөліктер – жүкті өзі аударатын автомашиналар" деген позицияда екінші бағандағы "жалғастырғышты" деген сөзден кейін "немесе гидротрансформаторды" деген сөздермен, "беріліс" деген сөздің алды "гидромеханикалық немесе электромеханикалық трансмиссияның" деген сөздермен толықтырылсын;

      г) "8479-дан, 8705-тен Құрылыс ерітіндісін немесе бетонды бөлуге арналған машиналар" деген позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"8482
Шарикті немесе роликті мойынтіректер

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында өзгерістер енгізу мүмкіндігімен конструкторлық және технологиялық құжаттамаға арналған құқықтардың немесе мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу рәсімін жүргізу нәтижелері жөнінде жасалған шарт (келісімшарт) бойынша өндіруші жүзеге асырған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау нәтижесінде әзірленген конструкторлық құжаттаманы пайдалануға арналған құқықтардың болуы<1>;
мүше мемлекеттердің аумақтарында тиісті өнімнің компоненттерін дайындау жөніндегі өндірістік және технологиялық операциялар кешенін жүзеге асыру немесе мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген компоненттерді пайдалану;
мүше мемлекеттердің аумақтарында шарикті немесе роликті мойынтіректердің нақты моделі үшін ықтимал ең жоғары балл санынан пайыздық көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін мынадай операцияларды (шарттарды) жүзеге асыру (2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін – 50 пайыз; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 70 пайыз; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 80 пайыз. Өндіріс технологиясында технологиялық операция болмаған кезде оны орындау бойынша талаптар қойылмайды, балл есептелмейді және мүмкін болатын ең жоғары балл санын есептеу кезінде есепке алынбайды):
сыртқы шығыршықты өндіру:
мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген бастапқы материалды пайдалану (14 балл);
термикалық өңдеуге дейін пішу, соғу, қалыптау, механикалық өңдеу
(8 балл);
соңғы механикалық өңдеу алдында термикалық өңдеу (6 балл);
термикалық өңдеуден кейінгі соңғы механикалық өңдеу (10 балл);
ішкі шығыршықты өндіру:
мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген бастапқы материалды пайдалану (11 балл);
термикалық өңдеуге дейін пішу, соғу, қалыптау, механикалық өңдеу
(7 балл);
соңғы механикалық өңдеу алдында термиялық өңдеу (5 балл);
термикалық өңдеуден кейінгі соңғы механикалық өңдеу (9 балл);
тербеу тетігі өндірісі:
мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген бастапқы материалды пайдалану (14 балл);
термикалық өңдеуге дейін пішу, соғу, қалыптау, механикалық өңдеу (8 балл);
соңғы механикалық өңдеу алдында термикалық өңдеу (6 балл);
термикалық өңдеуден кейінгі соңғы механикалық өңдеу (10 балл);
сыртқы мойынтірек корпусының өндірісі:
пішу, құю, механикалық өңдеу, термикалық өңдеу
(5 балл);
қашықтықтан, тоқтатқыш, тіреуіш шығыршықты өндіру:
пішу, қалыптау, механикалық өңдеу, термикалық өңдеу (4 балл);
сепаратор өндірісі:
құю, қалыптау, пішу, қалыптау, механикалық өңдеу (5 балл);
мойынтіректерді құрастыру, сақтау, орау (4 балл)".

      3. "Химиялық және мұнай-газ химия өнеркәсібі" деген VIII бөлімде:

      а) "3701-ден, 3702-ден, 3704 00-ден, 3705 00-ден, 3707-ден фотопластинкалар мен фотопленкалар; лездік фотосуреттерге арналған фотопленкалар; фотографияда пайдаланылатын араласпаған химиялық құрамдар мен өнімдер" деген позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"3917 29 000 9-дан Өзге пластмассадан жасалған өзге де қатты құбырлар, түтіктер және шлангілер
3917 31 000 8-ден 27,6 Мпа
кем емес қысымға төзімді икемді өзге де құбырлар, түтіктер және икемді шлангілер

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында техникалық құжаттамаға арналған құқықтардың болуы <5>;
өнеркәсіптік объектінің қауіптілік сыныбына сәйкес келетін өнім шығару жүзеге асырылатын өнеркәсіптік объектіні пайдалануды айқындайтын рұқсат беру құжаттарының болуы;
мүше мемлекеттің аумағында мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
шикізат компоненттерін дайындау – 20 балл;
қалыптау – 100 балл;
бұйымды өңдеу– 35 балл;
дайын бұйымды құрастыру– 20 балл

3921 11 000 0-ден
Пластмассадан жасалған тақталар, табақтар, пленкалар және жолақтар немесе таспалар, стирол полимерлерінен жасалған кеуекті өзгелері

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында техникалық құжаттамаға арналған құқықтардың болуы <5>;
өнеркәсіптік объектінің қауіптілік сыныбына сәйкес келетін өнім шығару жүзеге асырылатын өнеркәсіптік объектіні пайдалануды айқындайтын рұқсат беру құжаттарының болуы;
мүше мемлекеттің аумағында мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
шикізат компоненттерін дайындау– 20 балл;
қалыптау – 100 балл;
бұйымды өңдеу– 35 балл;
дайын өнімді құрастыру– 20 балл";

      б) "3926-дан Пластмассалық өзге де бұйымдар" деген позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"4009 22 000 9-дан
Қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған, арматураланған немесе өзге тәсілмен тек металмен, құрамдастырылған фитингтері бар өзге де құбырлар, түтіктер және шлангілер
4009 32 000 0-ден
Қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған, тек тоқыма материалдарымен арматураланған немесе өзге тәсілмен құрамдастырылған фитингі бар құбырлар, түтіктер және шлангілер,
 

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында техникалық құжаттамаға арналған құқықтардың болуы <5>;
өнеркәсіптік объектінің қауіптілік сыныбына сәйкес келетін өнім шығару жүзеге асырылатын өнеркәсіптік объектіні пайдалануды айқындайтын рұқсат беру құжаттарының болуы;
мүше мемлекеттің аумағында мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
ингредиенттерді дайындау– 40 баллов;
резеңке қоспасын дайындау (ығыстару, біліктеу, суыту) –80 балл;
өңдеу, калибрлеу, каландрлау, орау, тасымалдау –20 балл;
вулканизация (қалыптау) – 100 балл";
 

      в) "6406 10 900 0-ден, 6406 20 100 0-ден, 6406 90 300 0-ден, 6406 90 900 0-ден Басқа топтамаларға енгізілмеген вулканизацияланған резеңкеден жасалған өзге де бұйымдар (тек аяқ киімнің резеңке бөліктеріне қатысты)" деген позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"7019 61 000 0
Механикалық бекітілген ровингтерден жасалған
тығыз маталар
7019 63 000 0
Жабылмаған немесе қайталанбаған, механикалық бекітілген, жаймалық иірімжіптен өрілген шыны талшықтан жасалған тығыз маталар
7019 69 000 9
Механикалық бекітілген, шыны талшықтан жасалған өзге бұйымдар
 

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында тиісті өнімді өндіру үшін қажетті техникалық құжаттамаға арналған құқықтардың болуы <5>;
өнеркәсіптік объектінің қауіптілік сыныбына сәйкес келетін өнім шығару жүзеге асырылатын өнеркәсіптік объектіні пайдалануды айқындайтын рұқсат беру құжаттарының болуы;
кәсіпорын құрылымында меншікті технологиялық бөлімшесінің болуы;
өндірушіде өнімнің сапасын тексеруге жауап беретін құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) аккредиттелген зертханалардың болуы және (немесе) мердігерлік шарттың немесе өндіруші үшін өнімнің сапасын тексеру бойынша жұмыстарды орындауға арналған шарттың, сондай-ақ жұмыс нәтижелерін беру актісінің болуы;
мүше мемлекеттердің аумақтарында мынадай операцияларды жүзеге асыру:
шикізат пен материалдарды кірістік бақылау;
өнім өндіру үшін және технологиялық құжаттамада көзделген қажетті технологиялық операцияларды жүргізу:
шыны талшықты өндіру;
тоқымашылық;
қажетті қосымша өңдеу, оның ішінде қышқылмен өңдеу жүргізу;
бұйып-түю;
маталарға қажетті қосымша өңдеу жүргізу (өнімді өндірудің технологиялық процесінде операциялар болған кезде);
өндіріс процесінде қажетті сынақтар жүргізу (егер технологиялық және техникалық құжаттамада көзделген болса);
қабылдау-тапсыру сынақтарын өткізу;
мерзімді сынақтарды жүргізу (егер техникалық құжаттамада көзделген)
 

7019 13 000 9-дан
Өзге де таспалар, ровингтер, иірімжіп және штапелирленген талшықтар және оның ішіндешыны талшықтан жасалған тоқыма-төсеніштер

мүше мемлекеттің салық резиденті-заңды тұлғасында тиісті өнімді өндіру үшін қажетті техникалық және технологиялық құжаттаманың болуы <5>;
өнеркәсіптік объектінің қауіптілік сыныбына сәйкес келетін өнім шығару жүзеге асырылатын өнеркәсіптік объектіні пайдалануды айқындайтын рұқсат беру құжаттарының болуы;
кәсіпорын құрылымында өзінің технологиялық бөлімшесінің болуы;
өндірушіде өнімнің сапасын тексеруге жауап беретін құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) аккредиттелген зертханалардың болуы және (немесе) өндіруші үшін өнімнің сапасын тексеру бойынша жұмыстарды орындауға арналғанмердігер-шарттың немесе шарттың, сондай-ақ жұмыс нәтижелерін беру актісінің болуы;
мүше мемлекеттердің аумақтарында мынадай операцияларды жүзеге асыру:
шикізат пен материалдарды кірістік бақылау;
шыны талшықты өндіруді қоса алғанда, өнім өндіру үшін және технологиялық құжаттамада көзделген қажетті технологиялық операцияларды жүргізу;
өндіріс процесінде қажетті сынақтар жүргізу (егер бұл технологиялық және техникалық құжаттамада көзделген кезде);
қабылдау-тапсыру сынақтарын жүргізу;
кезеңдік сынақтар жүргізу (егер техникалық құжаттамада көзделген болса)
 

7019 65 000 9
Шыны талшықтан жасалған, ені 30 см-ден аспайтын, механикалық бекітілген өзге де сиретілген маталар
7019 66 000 9
Шыны талшықтан жасалған, ені 30 см-ден аспайтын, механикалық бекітілген өзге де сиретілген маталар

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында тиісті өнімді өндіру үшінқажетті техникалық құжаттамаға арналған құқықтардың болуы<5>;
өнеркәсіптік объектінің қауіптілік сыныбына сәйкес келетін өнім шығару жүзеге асырылатын өнеркәсіптік объектіні пайдалануды айқындайтын рұқсат беру құжаттарының болуы;
кәсіпорын құрылымында өзінің технологиялық бөлімшесінің болуы;
өндірушіде өнімнің сапасын тексеруге жауап беретін құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) аккредиттелген зертханалардың болуы және (немесе) өндіруші үшін өнімнің сапасын тексеру бойынша жұмыстарды орындауғамердігерлік шарттың немесе шарттың, сондай-ақ жұмыс нәтижелерін беру актісінің болуы;
мүше мемлекеттердің аумақтарында мынадай операцияларды жүзеге асыру:
шикізат пен материалдарды кірістік бақылау;
өнім өндіру үшін және технологиялық құжаттамада көзделген қажетті негіздер және (немесе) тоқымашылық операцияларын жүргізу;
маталарға қажетті қосымша өңдеу жүргізу (өнімді өндірудің технологиялық процесінде операциялар болған кезде);
өндіріс процесінде қажетті сынақтар жүргізу (егер бұл технологиялық және техникалық құжаттамада көзделген кезде);
қабылдау-тапсыру сынақтарын жүргізу;
кезеңдік сынақтар жүргізу (егер техникалық құжаттамада көзделген болса)
 

7019 69 000 5
Шыны талшықтан жасалған, механикалық бекітілген өзге де кенептер, матрацтар, тақталар және өзге де тоқыма емес материалдар
7019 14 000 0
Механикалық бекітілген шыны талшықты маттар

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында тиісті өнімді өндіру үшінқажетті техникалық және технологиялық құжаттаманың болуы<5>;
өнеркәсіптік объектінің қауіптілік сыныбына сәйкес келетін өнім шығару жүзеге асырылатын өнеркәсіптік объектіні пайдалануды айқындайтын рұқсат беру құжаттарының болуы;
кәсіпорын құрылымында өзінің технологиялық бөлімшесінің болуы;
өндірушіде өнімнің сапасын тексеруге жауап беретін құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) аккредиттелген зертханалардың болуы және (немесе) өндіруші үшін өнімнің сапасын тексеру бойынша жұмыстарды орындауғамердігерлік шарттың немесе шарттың, сондай-ақ жұмыс нәтижелерін беру актісінің болуы;
мүше мемлекеттердің аумақтарында мынадай операцияларды жүзеге асыру:
шикізат пен материалдарды кірістік бақылау;
берілген ұзындықтағы қиындығаталшықтарды кесу;
талшықты тарқату және кенепті қалыптастыру;
кенепті бекіту;
өндіріс процесінде қажетті сынақтар жүргізу (егер бұл технологиялық және техникалық құжаттамада көзделген кезде);
қабылдау-тапсыру сынақтарын жүргізу;
кезеңдік сынақтар жүргізу (егер техникалық құжаттамада көзделген болса)
 

7019 90 009 9
Шыны талшықтан жасалған өзге бұйымдар
 

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында тиісті өнімді өндіру үшін қажетті техникалық және технологиялық құжаттаманың болуы<5>;
кәсіпорын құрылымында өзінің технологиялық бөлімшесінің болуы;
мүше мемлекеттердің аумақтарында мынадай операцияларды жүзеге асыру:
жайма-төсемдерге арналған маталар өндіру немесе мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген маталарды пайдалану;
маталарды кірістік бақылау;
жайматөсемдерді тігу;
қажетті бөлшектерді тігу (бұйым конструкциясында бар болса);
жинақтау және буып-түю (операциялар болған кезде өнім өндірудің технологиялық процесінде);
қабылдау-тапсыру сынақтарын жүргізу;
кезеңдік сынақтар жүргізу (егер техникалық құжаттамада көзделген болса)".
 

      4. "Энергетикалық машина жасау, электр-техникалық және кабельдік өнеркәсіп" деген IX бөлімде:

      а) "8502-ден Қысыммен тұтанатын іштен жану қозғалтқыштары бар генераторлық қондырғылар" деген позицияның алдынан мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"7408 11 000 0
Көлденең қимасының ең көп мөлшері
6 мм-ден астамтазартылған мыстан жасалған сым

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде
5 жылдан кем емес мерзімге конструкторлық және техникалық құжаттамаға арналған құқықтардың болуы<2>;
тауар өндіру үшін пайдаланылатын үшінші елдердің шығарылған материалдары құнының пайыздық үлесін сақтау–тауар бағасының
20 пайызынан аспайды;
мүше мемлекеттердің аумақтарында мынадай операцияларды жүзеге асыру:
диаметрі 8-9,5 мм мыстан жасалған созба сымды созу;
созба сымды (сымды) термикалық өңдеу
 

7413 00 000 1
Электрлік оқшаулаусыз тазартылған мыстан жасалған бұралған сым, тростар, өрілген баулар және ұқсас бұйымдар

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде 5 жылдан кем емес мерзімге конструкторлық және техникалық құжаттамаға арналған құқықтардың болуы<2>;
мүше мемлекеттердің аумақтарында мынадай операцияларды жүзеге асыру:
диаметрі 8-9,5 мм мыстан жасалған созба сымды созу;
созба сымды (сымды)термикалық өңдеу
бұрау

7605 11 000 0
Лигерленбеген алюминийден жасалған, көлденең қимасының ең көп мөлшері
7 мм аспайтын алюминий сым

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде
5 жылдан кем емес мерзімге конструкторлық және техникалық құжаттамаға арналған құқықтардың болуы<2>;
мүше мемлекеттердің аумақтарында мынадай операцияларды жүзеге асыру:
созу;
термикалық өңдеу;
зауыттық қабылдау-тапсыру сынақтары

7614 10 000 0-ден
Болаттан жасалған өзекшесі бар электрлік оқшаулаусыз, алюминийден жасалған электр берудің әуе желілеріне арналған сымдар
7614 90 000 0-ден
Электр оқшаулаусыз алюминийден жасалған электр берудің әуе желілеріне арналған өзге де сымды тіндер
8544-тен
Оқшауланған, орама
және эмальданған
сымдар

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде
5 жылдан кем емес мерзімге конструкторлық және техникалық құжаттамаға арналған құқықтардың болуы<2>;
тауар өндіру үшін пайдаланылатын үшінші елдердің шығарылған материалдары құнының пайыздық үлесін сақтау – тауар бағасының
20 пайызынан аспайды;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өнімнің түйінді параметрлерін қалыптастыратын (түйінді параметрлерге әсер ететін) мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асыру (өндірістің технологиялық процесінде операция болған кезде):
мыстан,алюминийден және олардың негізіндегі қорытпалардан жасалған диаметрі 8 – 9,5 мм созба сымды созу;
созба сымды (сымды) термикалық өңдеу;
өзектерді оқшаулау;
қорғаныш жабындарын салу;
тексерілген өлшеу құралдары мен аттестатталған жабдықтың болуын растауды қоса алғанда, зауыттық қабылдау-тапсыру сынақтары

7614 90 000 0-ден
Электр оқшаулағышы жоқ алюминийден жасалған өзге тростар, бұралған сым, өрілген баулар және ұқсас бұйымдар
(электр оқшаулағышы жоқ алюминийден жасалған электр берудің әуе желілеріне арналған сымдардан басқа)

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде
5 жылдан кем емес мерзімге конструкторлық және техникалық құжаттамаға арналған құқықтардың болуы<2>;
мүше мемлекеттердің аумақтарында мынадай операцияларды жүзеге асыру:
созу;
термикалық өңдеу;
зауыттық қабылдау-тапсыру сынақтары";

      б) "8504-тен Жиынтық трансформаторлық қосалқы станциялар (КТП), блокты-модульдік трансформаторлық қосалқы станциялар (БКТП)" деген позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"8516 80-ден
Қыздыру сым-тіндері мен кабельдері

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде
5 жылдан кем емес мерзімге конструкторлық және техникалық құжаттамаға арналған құқықтардың болуы<2>;
тауар өндіру үшін пайдаланылатын үшінші елдердің шығарылған материалдары құнының пайыздық үлесін сақтау – тауар бағасының 60 пайызынан аспайды;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өнімнің түйінді параметрлерін қалыптастыратын (түйінді параметрлерге әсер ететін) мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
өздігінен реттелетін қыздыру кабельдерін өндіру үшін мүше мемлекеттердің аумақтарында матрица өндіру;
электрлік жылыту жүйелері үшін резистивті және өзін-өзі реттейтін қыздыру кабельдерін өндіру;
тексерілген өлшеу құралдары мен аттестатталған жабдықтың болуын растауды қоса алғанда, зауыттық қабылдау-тапсыру сынақтары
 

8544-тен
110, 220, 330 және 550 кВ кернеуге арналған
қуат кабельдері
 

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде
5 жылдан кем емес мерзімге конструкторлық және техникалық құжаттамаға арналған құқықтардың болуы<2>;
тауар өндіру үшін пайдаланылатын үшінші елдердің шығарылған материалдары құнының пайыздық үлесін сақтау – тауар бағасының 30 пайызынан аспайды (110, 220 кВ кернеу үшін), тауар бағасының 50 пайызынан аспайды (330, 500 кВ кернеу үшін);
мүше мемлекеттердің аумақтарында өнімнің түйінді параметрлерін қалыптастыратын (түйінді параметрлерге әсер ететін) мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
созу;
термикалық өңдеу;
өзектерді оқшаулау;
қорғаныш жабындарын салу;
тексерілген өлшеу құралдары мен аттестатталған жабдықтың болуын растауды қоса алғанда, зауыттық қабылдау-тапсыру сынақтары
 

8544-тен
1 кВ дейін және
1-35 кВ кернеуге арналған
қуат кабельдері
 

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде
5 жылдан кем емес мерзімге конструкторлық және техникалық құжаттамаға арналған құқықтардың болуы<2>;
тауар өндіру үшін пайдаланылатын үшінші елдердің шығарылған материалдары құнының пайыздық үлесін сақтау – тауар бағасының 30 пайызынан аспайды;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өнімнің түйінді параметрлерін қалыптастыратын (түйінді параметрлерге әсер ететін) мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асыру (өндірістің технологиялық процесінде операция болған кезде):
созу;
термикалық өңдеу;
бұрау;
өзектерді оқшаулау;
қорғаныш жабындарын салу;
тексерілген өлшеу құралдары мен аттестатталған жабдықтың болуын растауды қоса алғанда, зауыттық қабылдау-тапсыру сынақтары
 

8547-ден
110 – 500 кВ-тық
кернеуге арналған,
оқшаулағыш материалдан жасалған ішкі қаптамасы бар кабельдік арматура (кабельдік муфталар)
 

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде
5 жылдан кем емес мерзімге конструкторлық және техникалық құжаттамаға арналған құқықтардың болуы<2>;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында сатудан кейінгі жөндеуді және өнімге кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервис орталығының болуы;
дайындаушы кәсіпорынның құрылымында меншікті конструкторлық-технологиялық бөлімшелерінің, шеф-монтаждау бөлімшелерінің және монтаждау персоналын оқыту орталығының болуы;
тауар өндіру үшін пайдаланылатын үшінші елдердің шығарылған материалдары құнының пайыздық үлесін сақтау – тауар бағасының 20 пайызынан аспайды – 110, 220 кВ кернеу үшін), тауар бағасының 40 пайызынан аспайды (330 кернеу үшін,500 кВ);
өнімнің түйінді параметрлерін (түйінді параметрлерге әсер ететін) қалыптастыратын, мүше мемлекеттердің аумақтарындамына технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
силиконнан жасалған оқшаулау компоненттерін құю;
силиконнан жасалған электр өткізгіш элементтерді құю;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген металл жанасу бөлшектерін (коннекторларды) дайындау немесе пайдалану;
полимерлер мен металдардан жасалған қорғаныш қаптамалар өндірісі;
дайын бұйымға зауыттық қабылдау-тапсыру сынақтарын жүргізу

9001 10 900 1
оптикалық талшықтар
 

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде
5 жылдан кем емес мерзімгетехникалық құжаттамаға арналған құқықтардың болуы<2>;
мүше мемлекеттердің аумақтарында 60 балдан кем емес баллдардың жиынтық санымен бағаланатын, өнімнің түйінді параметрлерін қалыптастыратын (түйінді параметрлерге әсер ететін) мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
преформадан талшықты созу (20 балл);
акрилатты жағу (10 балл);
УФ-жабынның қатаюы (10 балл);
дайын талшықты катушкаларға орау (10 балл);
дейтерлеу (талшық құрылымына OH-топтардың енгізілуіне жол бермеу мақсатында D2/N2 газ қоспасымен талшықты өңдеу)
(10 балл)".

      5. Мынадай мазмұндағы XI, XII и XIII бөлімдермен толықтырылсын:

"

XI. Медициналық бұйымдар



6307 90 980 0-ден
Медициналық маскалар
(FFP1, FFP2, FFP3 қорғаныс сыныптарының жартылай маскаларын қоспағанда)

тауар өндіру үшін пайдаланылатын үшінші елдердің шығарылған материалдары құнының пайыздық үлесін сақтау – тауар бағасының 30 пайызы артық емес;
әзірленген және енгізілген медициналық бұйымдарға арналған тіркеу куәлігінің болуы;
мүше мемлекеттердің аумақтарында кемінде
25 балды құрайтын жиынтық санымен бағаланатын операцияларды орындау:
қорғау бөлігі үшін шикізат дайындау (мельтблаун/спанбонд) (10 балл);
қорғау бөлігін дайындау (10 балл);
мұрын бекіткішін жасау (10 балл);
мұрын бекіткішін бекіту (5 балл);
бекітуге арналған резеңкелерді дайындау (10 балл);
басқа арналған бекіткішті бекіту (5 балл)
 



9019 10 100 0-ден
Діріл аппараттары
9022 12 000 0 Компьютерлік томографтар
9022 14 000 0-ден
Рентгеноскопиялық (флюороскопиялық) аппаратура; телебасқару үстел-штативі базадағы рентгенодиагностикалық кешендер: 3 жұмыс орнына арналған рентгенодиагностикалық кешендер; рентгенографиялық аппаратура; 2 жұмыс орнына арналған рентгенодиагностикалық кешендер; маммографтар; жылжымалы палаталық рентген аппараттары, флюорографтар, диагностикалау үшін медициналық мақсатта
пайдаланылатын өзге де ренгентдік аппараттар
 

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде 5 жылдан кем емес мерзімге конструкторлық және техникалық құжаттамаға арналған құқықтардың болуы;
тауар өндіру үшін пайдаланылатын үшінші елдердің шығарылған материалдары құнының пайыздық үлесін сақтау  – тауар бағасының 50 пайызынан артық емес;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында сатудан кейінгі жөндеуді және өнімге кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервис орталығының болуы;
өндірушінің бөлімшенің және (немесе) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыратын үлестес тұлғаның, өндіріске әзірлеме нәтижелерін енгізудің құжаттамалық растамасының болуы (әзірленген және енгізілген медициналық бұйымдарға тіркеу куәліктерінің болуы)
 



XII. Құрылыс материалдары



2517 10-ден
Әдетте бетон толтырғыштар, тас жолдар немесе теміржолдар үшін балласт немесе басқа балласт ретінде пайдаланылатын қиыршық тас немесе ұсақталған тас
2517 49 000 0
Термикалық өңделген немесе өңделмеген 2515 немесе 2516 тауар позициясының тастан жасалған өзге де түйіршіктер, үгінділер және ұнтағы
 

мүше мемлекеттердің аумақтарында мынадай операцияларды жүзеге асыру (өнім өндірудің технологиялық процесінде операциялар болған кезде):
тау-кен массасын қабылдау;
ұсақтау (берілген іріліктегі қиыршық тас алу);
қиыршық тасты уақтау (ірілігі бойынша артық материалды қайта өңдеуге қайтару үшін, сондай-ақ ұсақталған материалды іріліктің тар кластарына (дайын фракцияларға) бөлу үшін);
қоймалау
 



6810-нан
Цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған,
арматураланбаған немесе арматураланған тастар

өнімнің сериялық өндірісі өнімге арналған техникалық нормативтік құқықтық актілерге және типтік жұмыс сызбаларына сәйкес қамтамасыз етіледі;
кәсіпорын құрылымында өзіндік техникалық бақылау қызметінің, зертхананың немесе аккредиттелген зертханасы бар зертханалық сынақтар жүргізуге арналған қолданыстағы шарттың (келісімшарттың) болуы;
шикізат және материалдар туралы мәліметтер беру;
мүше мемлекеттердің аумақтарында мынадай операцияларды жүзеге асыру:
қоспаны дайындау;
сым пакеттерін дайындау және тарту, арматуралық қаңқа жасау (қажет болған кезде);
қалып дайындау;
қалыптау;
жылу өңдеу (қажет болған кезде);
қабылдау-тапсыру сынақтары;
таңбалау



XIII. Мұнай-газ машиналарын жасау



8413-тен
Сұйықтықтарды берудің орталықтан тепкіш өзге де сорғылары (мұнай магистралінің сорғыларынан және тіреуіштерінен басқа;
МЕМСТ 32601-2013 талаптарына сәйкес орындалған сорғылар; қоректік
және конденсатты сорғылар; өнімділігі 2000 м3/сағ жоғары Д типті екіжақты кіретін және батырылатын кәріз сорғылары)
8413 50
Өзге де қайтарымды-үдемелі көлемді сорғылар
 

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде 5 жылдан кем емес мерзімге конструкторлық және техникалық құжаттамаға арналған құқықтардың болуы;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында сатудан кейінгі жөндеуді және өнімге кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервис орталығының болуы;
мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мүше мемлекеттің бірінің аумағында орналасқан сынақ стендінде өнеркәсіптік тауарға сынақтарды жүргізу. Сынақ жабдығы осындай мүше мемлекеттің стандарттарына сәйкес аттестатталуы тиіс;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өнеркәсіптік тауардың түйінді параметрлерін қалыптастыратын (түйінді параметрлерге әсер ететін) мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
дайындау операциялары (құю, соғу, қалыптау);
термикалық өңдеу (шынықтыру, қалыпқа келтіру, босату);
бұзбайтын бақылау;
механикалық өңдеу (қайрау, бұрғылау, жону, ойық ою, тегістеу, жылтырату);
дәнекерлеу (агрегаттардың жақтауы, байлау бөлшектері);
бұйымдарды құрастыру (бөлшектер, тораптар, агрегаттар);
қорғаныс жабындарын бояу және жағу;
үшінші елдердің материалдары (шикізаттары) мен жиынтықтауыштарын өндіру кезінде пайдаланылған құнның пайыздық үлесін сақтау – тауарларды өндіру үшін қажетті материалдар (шикізаттар) мен жиынтықтауыштардың жалпы саны бағасының 15 пайызынан аспайды
 



8413 60
Өзге де роторлы көлемді сорғылар
8413 70
Орталықтан тепкіш өзге де сорғылар
8413 81 000 0-ден
Басқа
шығыс өлшеуіштер бар
немесе оларсыз сұйық сорғылар
8413 82 00
Сұйықтық көтергіштер
8414 10
Вакуммды сорғылар
8414 80 900 0-ден
Өзге насостар

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында тиісті өнеркәсіптік тауарды өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде
5 жылдан кем емес мерзімге конструкторлық және техникалық құжаттамаға арналған құқықтардың болуы;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында сатудан кейінгі жөндеуді және өнімге кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервис орталығының болуы;
мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мүше мемлекеттің бірінің аумағында орналасқан сынақ стендінде өнеркәсіптік тауарға сынақтарды жүргізу. Сынақ жабдықтары осындай мүше мемлекеттің стандарттарына сәйкес атттестатталуы тиіс;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өнеркәсіптік тауардың түйінді параметрлерін қалыптастыратын (түйінді параметрлерге әсер ететін) мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
дайындау операциялары (құю, соғу, қалыптау);
термикалық өңдеу (шынықтыру, қалыпқа келтіру, босату);
бұзбайтын бақылау;
механикалық өңдеу (бұрау, ойық ою, жону, бұрау, тегістеу, жылтырату);
дәнекерлеу (агрегаттардың жақтауы, байлау бөлшектері);
бұйымдарды құрастыру (бөлшектер, тораптар, агрегаттар);
қорғаныс жабындарын бояу және жағу;
үшінші елдердің материалдары (шикізаттары) мен жиынтықтауыштарын өндіру кезінде пайдаланылған құнның пайыздық үлесін сақтау – тауарларды өндіру үшін қажетті материалдар (шикізаттар) мен жиынтықтауыштардың жалпы саны бағасының 10 пайызынан аспайды



8413 70-тен
МЕМСТ 32601-2013 талаптарына сәйкес орындалған сорғылар; қоректік
және конденсатты сорғылар; өнімділігі 2000 м3/сағ жоғары Д типті екіжақты жүрісті және батырылатын кәріз сорғылары

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында тиісті өнеркәсіптік тауарды өндіру, жаңғырту және дамыту үшін 5 жылдан кем емес мерзімге жеткілікті көлемде конструкторлық және техникалық құжаттамаға арналған құқықтардың болуы;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында сатудан кейінгі жөндеуді және өнімге кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервис орталығының болуы;
мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мүше мемлекеттің бірінің аумағында орналасқан сынақ стендінде өнеркәсіптік тауарға сынақтарды жүргізу. Сынақ жабдықтары осындай мүше мемлекеттің стандарттарына сәйкес аттестатталуы тиіс;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өнеркәсіптік тауардың түйінді параметрлерін қалыптастыратын (түйінді параметрлерге әсер ететін) мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
дайындау операциялары (құю, соғу, қалыптау);
термикалық өңдеу (шынықтыру, қалыпқа келтіру, босату);
бұзбайтын бақылау;
механикалық өңдеу (бұрау, бұрғылау, қайрау, ойық ою, тегістеу, жылтырату);
дәнекерлеу (агрегаттардың жақтауы, байлау бөлшектері);
бұйымдарды құрастыру (бөлшектер, тораптар, агрегаттар);
қорғаныс жабындарын бояу және жағу;
үшінші елдердің материалдары (шикізаттары) мен жиынтықтауыштарын өндіру кезінде пайдаланылған құнның пайыздық үлесін сақтау – тауарларды өндіру үшін қажетті материалдар (шикізаттар) мен жиынтықтауыштардың жалпы саны бағасының 25 пайызынан аспайды
 



8414 90 000 0
Ауа немесе вакуумдық, ауа немесе газ компрессорлары мен желдеткіштердің сорғыларына арналған бөліктер; желдеткіш немесе рециркуляциялық сору қалпақтарына немесе желдеткіші бар шкафтарға арналған бөліктер,
сүзгілермен немесе сүзгілерсіз

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында тиісті өнеркәсіптік тауарды өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде
5 жылдан кем емес мерзімге конструкторлық және техникалық құжаттамаға арналған құқықтардың болуы;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында сатудан кейінгі жөндеуді және өнімге кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервис орталығының болуы;
мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мүше мемлекеттің бірінің аумағында орналасқан сынақ стендінде өнеркәсіптік тауарға сынақтарды жүргізу. Сынақ жабдықтары осындай мүше мемлекеттің стандарттарына сәйкес аттестатталуы тиіс;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өнеркәсіптік тауардың түйінді параметрлерін қалыптастыратын (түйінді параметрлерге әсер ететін) мынадай технологиялық операцияларды жүзеге асыру:
дайындау операциялары (құю, соғу, қалыптау);
термикалық өңдеу (шынықтыру, қалыпқа келтіру, босату);
бұзбайтын бақылау;
механикалық өңдеу (бұрау, бұрғылау, қайрау, ойық ою,тегістеу, жылтырату);
дәнекерлеу (агрегаттардың жақтауы, байлау бөлшектері);
бұйымдарды құрастыру (бөлшектер, тораптар, агрегаттар);
қорғаныс жабындарын бояу және жағу;
үшінші елдердің материалдары (шикізаттары) мен жиынтықтауыштарын өндіру кезінде пайдаланылған құнның пайыздық үлесін сақтау – тауарларды өндіру үшін қажетті материалдар (шикізаттар) мен жиынтықтауыштардың жалпы саны бағасының 30 пайызынан аспайды
 



8481 10
Қысымды реттеуге арналған редукциялық клапандар
8481 30
Кері клапандар (қайтарылмайтын)
8481 40
Сақтандырғыш немесе түсіру клапандары
8481 80
Өзге де арматура

мүше мемлекеттің салық резиденті – заңды тұлғасында тиісті өнеркәсіптік тауарды өндіру, жаңғырту және дамыту үшін жеткілікті көлемде
5 жылдан кем емес мерзімге конструкторлық және техникалық құжаттамаға арналған құқықтардың болуы;
мүше мемлекеттердің бірінің аумағында сатудан кейінгі жөндеуді және өнімге кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті сервис орталығының болуы;
мүше мемлекеттердің аумағында өнімнің түйінді параметрлерін қалыптастыратын (түйінді параметрлерге әсер ететін) технологиялық операцияларды жүзеге асыру (өндірістің технологиялық процесінде болған кезде):
дайындау өндірісі (құю, соғу, қалыптау); механикалық өңдеу (бұрау, бұрғылау, қайрау, ойық ою, тегістеу, жылтырату);
дәнекерлеу (агрегаттардың жақтауы, байлау бөлшектері) және балқыту немесе қосылыстың өзге түрі (конструкция типіне байланысты);
термикалық өңдеу (шынықтыру, қалыпқа келтіру, босату);
бұйымдарды (бөлшектерді, тораптарды, агрегаттарды) құрастыру;
өнімді қысыммен сынау;
материалдардың химиялық құрамын, механикалық қасиеттерін талдау, бұзбайтын бақылау;
абразивті өңдеу;
қорғаныс жабындарын бояу және жағу;
тауарды өндіру кезінде пайдаланылған үшінші елдерден шығарылған материалдары құнының пайыздық үлесін сақтау – өндіру кезінде пайдаланылған материалдардың жалпы саны бағасының 30 пайызынан аспайды, ал ЕАЭО СЭҚ ТН 8481 80 81 кодымен сыныпталатын тауар үшін –өндіру кезінде пайдаланылған материалдардың жалпы саны құнының 50 пайызынан аспайды.
Бұл ретте тауар өндіру кезінде пайдаланылған материалдар құнының пайыздық үлесі есебінен үшінші елдерден құбыржол арматурасын реттеуге және басқаруға арналған аспалы жабдықтың құны алып тасталады
 

 
".

      6. 1-сілтеме мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Лифтілер (8428-ден) мүше мемлекеттердің аумақтарында осы қосымшаның V бөлімінде көрсетілген жағдайларды, өндірістік және технологиялық операцияларды орындау үшін мынадай жиынтық балл санына қол жеткізілген жағдайда, мүше мемлекеттің аумағында өндірілген өнімге жатқызылуы мүмкін:

      2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін – кемінде 100 балл;

      2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап – кемінде 110 балл;

      2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап – кемінде 130 балл.".

      7. "3701-ден, 3702-ден, 3704 00-ден, 3705 00-ден, 3707-ден "Фотопластинкалар мен фотопленкалар; лезде суретке түсіруге арналған фотопленкалар; фотосуретте пайдаланылатын араласпаған химиялық құрамдар мен өнімдер" – 235 баллдан кем емес;" деген абзацтан кейінгі 5-сілтеме мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "3917 29 000 9 "Өзге де пластмассалардан өзге қатты құбырлар, түтіктер және шлангілер" –75 баллдан кем емес;

      3917 31 000 8 "27,6 МПа кем емес қысымға шыдайтын иілгіш өзге де құбырлар, түтіктер және шлангілер" – 75 баллдан кем емес;

      3921 11 000 0 "Пластмассадан жасалған тақталар, табақтар, пленка және жолақтар немесе таспалар, стирол полимерлерінен жасалған өзгелері" – кемінде 75 балл;

      4009 22 000 9 "Қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған, арматураланған немесе өзге тәсілмен тек металмен, құрамдастырылған фитингтері бар өзге де құбырлар, түтіктер және шлангілер" – кемінде 120 балл;

      4009 32 000 0 "Қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған, тек тоқыма материалдарымен арматураланған немесе өзге тәсілмен құрамдастырылған фитингі бар құбырлар, түтіктер және шлангілер" – 120 балдан кем емес;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады