Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің штат санына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 52 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № қосымша) 24-тармағының 6-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 1 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің штат санына өзгерістер енгізілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссияның Ақпараттық технологиялар департаментінің штат санын арттыру Еуразиялық экономикалық комиссияның Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің бос лауазымдарын қысқарту есебінен жүзеге асырылсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б.Сұлтанов

А.Кожошев

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2022 жылғы 15 сәуірдегі
№ 52 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің
штат санына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің штат санының екінші графасында:

      он екінші позициядағы "69" деген цифрлар "66" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      отыз бесінші позициядағы "42" деген цифрлар "45" деген цифрлармен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады