Кеден одағының "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 031/2012) өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 89 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларын үздіксіз өндіруді қамтамасыз ету және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 12 өкімімен бекітілген Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыру жөніндегі шаралар тізбесінің 2.10-тармағын іске асыру мақсатында, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағының "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 031/2012) (бұдан әрі – техникалық регламент) қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында техникалық регламентке 51-қосымшада белгіленген талаптарға сәйкес өндірілетін ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен қозғалтқыштарын 2023 жылғы 31 мамырға дейін қоса алғанда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында айналымға шығаруға және өткізуге жол беріледі.

      3. Осы Шешімнің 2-тармағында көрсетілген өнімнің сәйкестігін бағалау қолданыстағы техникалық регламент талаптарына сәйкестік сертификаттарының және техникалық регламентке 51-қосымшада белгіленген қозғалтқыштың белгіленген талаптарға сәйкестік сертификаттарының негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

      Сәйкестік сертификатының 12-жолында осы Шешімнің 2-тармағында көрсетілген өнімге қосымша мынадай жазба келтіріледі:

      "Өнім КО ТР 031/2011 51-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес дайындалған, экологиялық сынып (трактордың немесе қозғалтқыштың экологиялық сыныбының мәні келтіріледі)".

      Сәйкестік сертификаттарының жарамдылық мерзімі – 2023 жылғы 31 қаңтарға дейін.

      4. Осы Шешімнің 3-тармағында көрсетілген сәйкестік сертификаттарының қолданылу кезеңінде айналымға шығарылған өнімнің жарамдылық (қызмет) мерзімі ішінде айналысына жол беріледі.

      5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік
10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б. Сұлтанов

А. Кожошев

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2022 жылғы 15 сәуірдегі
№ 89 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағының "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 031/2012) енгізілетін

ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 5-қосымшаның 14-тармағының мәтіні бойынша "2022 жылғы
1 қыркүйекке" деген сөздер "2023 жылғы 1 қыркүйекке" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Мынадай мазмұндағы 51 қосымшамен толықтырылсын:

  "Кеден одағының "Ауыл
шаруашылығы және орман
шаруашылығы тракторлары мен
олардың тіркемелерінің
қауіпсіздігі туралы" техникалық
регламентіне (КО ТР 031/2012)
51 ҚОСЫМША

Кеден одағының "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 031/2012) сәйкес тракторлар мен қозғалтқыштарға қойылатын қауіпсіздік

ТАЛАПТАРЫ

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында 2023 жылғы 31 қаңтарды қоса алғанда өндірілетін қозғалтқыштардың, сондай-ақ оларға орнатылған қозғалтқыштары бар тракторлардың пайдаланылған газдарының құрамындағы зиянды заттардың шығарындылары мыналарда келтірілген мәндерден аспауға тиіс:

      МЕМСТ 17.2.2.02-98, МЕМСТ 17.2.2.05-97 – 0 экономикалық сыныбы үшін;

      БҰҰ Қағидаларында № 96 (00), МЕМСТ 17.2.2.02-98 – 1 экономикалық сыныбы үшін;

      БҰҰ ережелері № 96 (02) (5.2.1-тармақ) D, E1, F, G қуат диапазондары бар қозғалтқыштар үшін – 2 экологиялық сыныбы үшін.

      Қозғалтқыштардың пайдаланылған газдарында құрамындағы зиянды заттардың шығарылуын бақылау әдістері:

      0 экологиялық сыныбы үшін – МЕМСТ 17.2.2.02-98 бойынша, МЕМСТ 17.2.2.05-97;

      1 экологиялық сыныбы үшін – МЕМСТ 17.2.2.02-98, БҰҰ қағидалары бойынша № 96 (00);

      2 экологиялық сыныбы үшін – БҰҰ ережелері бойынша № 96 (02).".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады