Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімінің 3-тармағына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 105 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімінің 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3.2.8-тармақшамен толықтырылсын:

      "3.2.8. 2023 жылғы 1 ақпанға дейін Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында Техникалық регламентке № 4 қосымшаның 5-бөлімінің ережелерін қолданбай, осы мемлекеттердің аумағына өз мұқтаждары үшін әкелінетін M және N санаттарындағы дара көлік құралдарының сәйкестігін бағалауға және айналымға шығаруға жол беріледі.

      Егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше тиісті мемлекеттердің осындай көлік құралдарына қатысты заңнамасында өзгеше белгіленбесе, осы тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген көлік құралдарын иелену, пайдалану, оларға билік ету құқықтарын жүзеге асыруға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумақтарында жол берілмейді.".

      2. Армения Республикасының Үкіметінен, Беларусь Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинетінен, егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері арасында өзге уағдаластықтарға (оның ішінде екіжақты форматта) қол жеткізілмесе, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағында Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімінің 3.2.8-тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын әкетуге (оның ішінде уақытша) жол бермеуді қамтамасыз ету сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б. Сұлтанов

А. Касымалиев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады