Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 123 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 256-бабының 6-тармағына, 260-бабының 11-тармағына, 266-бабының 2, 3 және 8-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы" 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

С. Жұманғарин

А. Касымалиев

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2022 жылғы 19 тамыздағы
№ 123 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 1-тармақтың "к" тармақшасы алып тасталсын.

      2. Көрсетілген Шешімге № 1 қосымшада:

      а) атауы "*" деген сілтеме белгісімен толықтырылсын;

      б) 1-тармақта:

      бірінші бағанда:

      бірінші абзацтағы "алкоголь сусындарын, сыраны, жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарларды" деген сөздер "спирт концентрациясы 0,5 көл.% асатын алкоголь сусындарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "темекі; темекі бұйымдары; құрамында темекі, никотин бар және қыздыру арқылы немесе басқа да тәсілдермен (жақпай) иіскеп соруға арналған өнім";

      екінші бағанда:

      бірінші абзацтағы "(немесе)" деген сөз алып тасталсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "200 сигарета, немесе 50 сигара (сигарилла), немесе қыздырылатын темекі бар 200 бұйым ("стик"), немесе 250 г темекі, немесе жалпы салмағы 250 г аспайтын ассортименттегі бұйымдар";

      в) 2-тармақта:

      бірінші бағанда:

      бірінші абзацтағы "алкоголь сусындарын, сыраны, жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарларды" деген сөздер "спирт концентрациясы 0,5 көл.% асатын алкоголь сусындарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "темекі; темекі бұйымдары; құрамында темекі, никотин бар және қыздыру арқылы немесе басқа да тәсілдермен (жақпай) иіскеп соруға арналған өнім";

      екінші бағанда:

      бірінші абзацтағы және екінші абзацтың мәтініндегі "(немесе)" деген сөз алып тасталсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "200 сигарета, немесе 50 сигара (сигарилла), немесе қыздырылатын темекі бар 200 бұйым ("стик"), немесе 250 г темекі, немесе жалпы салмағы 250 г аспайтын ассортименттегі бұйымдар";

      г) 3-тармақта:

      бірінші бағандағы бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке пайдалануға арналған (этил спиртін, спирт концентрациясы 0,5 көл.% асатын алкоголь сусындарын қоспағанда), тасымалдаушы жеткізетін тауарлар, соның ішінде:

      темекі; темекі бұйымдары; құрамында темекі, никотин бар және қыздыру арқылы немесе басқа да тәсілдермен (жақпай) иіскеп соруға арналған өнім";

      екінші бағанда:

      бірінші абзацтың мәтініндегі "(немесе)" деген сөз алып тасталсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "200 сигарета, немесе 50 сигара (сигарилла), немесе қыздырылатын темекі бар 200 бұйым ("стик"), немесе 250 г темекі, немесе жалпы салмағы 250 г аспайтын ассортименттегі бұйымдар";

      д) 4-тармақта:

      бірінші бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықаралық почта жөнелтімдерінде жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар";

      екінші бағанның мәтініндегі "(немесе)" деген сөз алып тасталсын;

      е) 5-тармақта:

      бірінші бағандағы "алкоголь сусындары және сыра" деген сөздер
", спирт концентрациясы 0,5 көл.% асатын алкоголь сусындары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бағандағы "18 жасқа толған бір жеке адамға есептегенде" деген сөздер алып тасталсын;

      ж) 6-тармақта бірінші бағандағы "Одақтың" деген сөз "Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      з) мынадай мазмұндағы "*" белгісі бар сілтемемен толықтырылсын:

      "* Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын, жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының шанақтарын, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН 8903 тауар позициясында жіктелетін және Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатпайтын кемелерді, қайықтарды және өзге де жүзу құралдарын қоспағанда.";

      и) ескертпелерде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы құжаттың мақсаттары үшін спирт концентрациясы 0,5 көл.% асатын алкоголь сусындары деп этил спиртін, квасты қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН 2203 00 – 2206 00 және 2208 тауар позицияларына енгізілген алкоголь сусындары түсініледі.";

      2-тармақтағы "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздер "Одақтың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Спирт концентрациясы 0,5 көл.% асатын алкоголь сусындарын, темекіні, темекі бұйымдарын, құрамында темекі, никотин бар және қыздыру арқылы немесе басқа тәсілдермен (жақпай) иіскеп соруға арналған өнімдерді Одақтың кедендік аумағына әкелу нормалары Қазақстан Республикасына кірген кезде 21 жасқа толған жеке тұлғалар үшін, Одаққа мүше басқа мемлекеттерге кірген кезде 18 жасқа толған жеке тұлғалар үшін қолданылады.".

      3. Көрсетілген Шешімге № 2 қосымшада:

      а) 1-кестеде:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар*";

      1 және 2-тармақтарда:

      бірінші бағандағы "алкоголь сусындарын, сыраны, жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарларды" деген сөздер "спирт концентрациясы 0,5 көл.% асатын алкоголь сусындарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бағандағы "құнның 30 пайызы, бірақ құндық және (немесе) салмақтық нормалардан асуы бөлігінде 1 кг салмақ үшін 4 евродан кем емес" деген сөздер "құндық нормадан асып кеткен бөлікте құнның 30 пайызы, бірақ салмақ нормасынан асып кеткен бөлікте 1 кг салмақ үшін 4 евродан кем емес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      бірінші бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке пайдалануға арналған (этил спиртін, спирт концентрациясы 0,5 көл.% асатын алкоголь сусындарын қоспағанда), тасымалдаушы жеткізетін тауарлар";

      үшінші бағандағы "құнның 15 пайызы, бірақ құндық және (немесе) салмақтық нормалардан асуы бөлігінде 1 кг салмақ үшін 2 евродан кем емес" деген сөздер "құндық нормадан асып кеткен бөлікте құнның 15 пайызы, бірақ салмақ нормасынан асып кеткен бөлікте 1 кг салмақ үшін 2 евродан кем емес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      бірінші бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықаралық почта жөнелтімдерінде жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар";

      үшінші бағандағы "құнның 30 пайызы, бірақ құндық және (немесе) салмақтық нормалардан асуы бөлігінде 1 кг салмақ үшін 4 евродан кем емес" деген сөздер "құндық нормадан асып кеткен бөлікте құнның 30 пайызы, бірақ салмақ нормасынан асып кеткен бөлікте 1 кг салмақ үшін 2 евродан кем емес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ алып тасталсын;

      6-тармақта бірінші бағандағы "Одақтың кедендік аумағына" деген сөздер алып тасталсын;

      7-тармақта бірінші бағандағы "алкоголь сусындары және сыра" деген сөздер ", спирт концентрациясы 0,5 көл.% асатын алкоголь сусындары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақта бірінші бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Спирт концентрациясы 0,5 көл.% асатын, тасымалдаушы жеткізетін алкоголь сусындары";

      9-тармақта бірінші бағандағы "Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – Одақ) мүше мемлекеттің заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы "*" белгісі бар сілтемемен толықтырылсын:

      "* Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын, жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының шанақтарын, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН 8903 тауар позициясында жіктелетін және Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатпайтын кемелерді, қайықтарды және өзге де жүзу құралдарын қоспағанда.";

      б) 2-кестеде:

      1-тармақта бірінші бағандағы төртінші абзацта "ЕАЭО СЭҚ ТН 8704 21 және 8704 31" деген сөздер "Жоғары радиоактивті материалдарды тасымалдауға арнайы арналған моторлы көлік құралдарын қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН 8704 21, 8704 31, 8704 41 және 8704" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы бірінші баған ", сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН 8903 тауар позициясында жіктелетін және Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатпайтын кемелер, қайықтар және өзге де жүзу құралдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпелер. 1. Осы құжаттың мақсаттары үшін спирт концентрациясы 0,5 көл.% асатын алкоголь сусындары деп этил спиртін, квасты қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН 2203 00 – 2206 00 және 2208 тауар позицияларына енгізілген алкоголь сусындары түсініледі.

      2. Спирт концентрациясы 0,5 көл.% асатын алкоголь сусындарына қатысты кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай ставкалары Қазақстан Республикасына кірген кезде 21 жасқа толған жеке тұлғалар үшін, Одаққа мүше басқа мемлекеттерге кірген кезде 18 жасқа толған жеке тұлғалар үшін қолданылады.".

      4. Көрсетілген Шешімге № 3 қосымшада:

      а) 1-тармақта:

      "а" және "б" тармақшаларда:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "қолының түпнұсқалығын шет елдегі мекеменің уәкілетті лауазымды адамы немесе нотариус куәландырған қызметкер немесе оның отбасы мүшесі жасаған жеке пайдалануға арналған тауарлардың тізімдемесін;";

      алтыншы абзацтағы "нотариалдық куәландырылған" деген сөздер "шет елдегі мекеменің уәкілетті лауазымды адамы немесе нотариус куәландырған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 5-тармақ "Мүше мемлекеттің жеке адамы" деген сөздерден кейін "(бұл адамның жалғыз мұрагер болып табылатын-табылмайтынына немесе мұрада үлесі бар-жоғына қарамастан)" деген сөздермен толықтырылсын;

      в) 6-тармақта:

      "а" тармақшада:

      бірінші абзац "тауарларды" деген сөзден кейін "(жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац "бұрын тұрған" деген сөздерден кейін ", мүше мемлекет болып табылмайтын" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "бұрын мұндай жеке тұлға мүше мемлекеттің аумағына осы мүше мемлекетте кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатылып жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелуді жүзеге асырмаған жағдайда, егер мұндай адам бұрын осы мүше мемлекетке тұрақты тұрғылықты жеріне қоныс аударған деп танылған болса немесе осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мәжбүрлі қоныс аударған босқын мәртебесін алған болса;";

      "б" тармақшада:

      екінші абзац "бұрын тұрған" деген сөздерден кейін ", мүше мемлекет болып табылмайтын" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "бұрын мұндай жеке тұлға мүше мемлекеттің аумағына осы мүше мемлекетте кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатылып жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылатын авто- және мотокөлік құралдарын, авто- және мотокөлік құралдарына тіркемелерді әкелуді жүзеге асырмаған жағдайда, егер мұндай адам бұрын осы мүше мемлекетке тұрақты тұрғылықты жеріне қоныс аударған деп танылған болса немесе осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мәжбүрлі қоныс аударған босқын мәртебесін алған болса, әкеле алады.".

      5. Көрсетілген Шешімге № 5 қосымшаның 1-тармағында:

      а) төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "қолының түпнұсқалығын шет елдегі мекеменің уәкілетті лауазымды адамы немесе нотариус куәландырған қызметкер немесе оның отбасы мүшесі жасаған жеке пайдалануға арналған тауарлардың тізімдемесі;";

      б) бесінші абзацтағы "нотариалдық куәландырылған" деген сөздер "шет елдегі мекеменің уәкілетті лауазымды адамы немесе нотариус куәландырған" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. Көрсетілген Шешімге № 6 қосымшада:

      а) 3 – 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасына 21 жасқа толған адам әкелетін, Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – Одақ) мүше басқа мемлекеттерге 18 жасқа толған адам әкелетін этил спирті, спирт концентрациясы 0,5 көл.% асатын, жалпы көлемі 5 л астам алкоголь сусындары.

      4. Қазақстан Республикасына 21 жасқа толмаған адам әкелетін, Одаққа мүше басқа мемлекеттерге 18 жасқа толмаған адам әкелетін этил спирті, спирт концентрациясы 0,5 көл.% асатын алкоголь сусындары.

      5. Қазақстан Республикасына 21 жасқа толған адам әкелетін, Одаққа мүше басқа мемлекеттерге 18 жасқа толған адам әкелетін темекі, темекі бұйымдары, құрамында темекі, никотин бар және қыздыру арқылы немесе басқа да тәсілдермен (жақпай) иіскеп соруға арналған, саны 200 сигаретадан, немесе 50 сигарадан (сигарилладан), немесе қыздырылатын темекі бар 200 бұйымнан ("стиктен"), немесе 250 г темекіден асатын өнім немесе жалпы салмағы 250 г асатын ассортименттегі бұйымдар.

      6. Қазақстан Республикасына 21 жасқа толмаған адам әкелетін, Одаққа мүше басқа мемлекеттерге 18 жасқа толмаған адам әкелетін темекі, темекі бұйымдары, құрамында темекі, никотин бар және қыздыру арқылы немесе басқа да тәсілдермен (жақпай) иіскеп соруға арналған өнім.";

      б) 7-тармақтағы "Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ)" деген сөздер "Одақтың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      в) 9-тармақтағы "арналған көлік құралдары" деген сөздер "арналған авто- және мотокөлік құралдары мен авто- және мотокөлік құралдарына тіркемелер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      г) мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе.  Осы құжаттың мақсаттары үшін спирт концентрациясы 0,5 көл.% асатын алкоголь сусындары деп этил спиртін, квасты қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН 2203 00 – 2206 00 және 2208 тауар позицияларына енгізілген алкоголь сусындары түсініледі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады