2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 58-бабының 1-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 45-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының "Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарларға қатысты ветеринариялық шараларды қолданудағы алып қою туралы" 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 810 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) коды "29-топтан" деген позициядағы екінші бағандағы "қосылыстар" деген сөз "қосылыстар**" деген сөзбен ауыстырылсын;
б) мынадай мазмұндағы "**" белгісі бар сілтемемен толықтырылсын:
"** Лизинге және оның күрделі эфирлеріне, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2922 41 000 0 позицияда жіктелетін осы қосылыстардың тұздарына қатысты Кеден одағының Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешіммен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға № 1 қосымшаға сәйкес ветеринариялық шаралар қолданылады.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
М. Григорян | И. Петришенко | С. Жұманғарин | А. Касымалиев | А. Оверчук |