1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарлармен сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жобаны (экспериментті) жүргізудің жекелеген мәселелері туралы" 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 7 өкімінің 6-тармағы мынадай мазмұндағы "а1" тармақшамен толықтырылсын:
"а1) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешімімен бекітілген нысан бойынша экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясын түзетуді толтыру ерекшеліктерін айқындасын;".
2. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко Б.Жұманғарин А.Касымалиев А.Оверчук