Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу нәтижелерін тану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 қазандағы № 34 өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мүдделі уәкілетті органдарымен (сараптама ұйымдарымен) бірлесіп Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы №78 шешімімен бекітілген Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидаларына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу нәтижелерін тану бөлігінде өзгерістер енгізудің орындылығы туралы мәселені пысықтасын және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауына тиісті ұсыныстарды берсін.

      2. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко Б.Жұманғарин А.Касымалиев А.Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады