Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1.5.5-тармағына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 38 өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 4 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1.5.5-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес берілген ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы халықаралық шартқа мүше мемлекеттердің қол қоюы" позициясында төртінші бағанда "2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "2023 жылғы 30 маусымға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес берілген ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану туралы халықаралық шартқа мүше мемлекеттердің қол қоюы" позициясында төртінші бағанда "2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко Б.Жұманғарин А.Касымалиев А.Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады