Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын үйлестіру жөніндегі тиісті шаралардың жүзеге асырылу реттілігін айқындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына ("жол картасына") өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 47 өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 37 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын үйлестіру жөніндегі тиісті шаралардың жүзеге асырылу реттілігін айқындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына ("жол картасына") мынадай өзгерістер енгізілсін:

      9-тармақтағы "2022 жылғы IV тоқсан" деген сөздер "2023 жылдың I жартыжылдығы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақтағы "2022" деген цифрлар "2023" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      2. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко С.Жұманғарин А.Касымалиев А.Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады