2015 жылғы 16 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабын іске асыру мақсатында және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабының 1-тармағы негізінде Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы және сериялық өнімнің шығарылған жері туралы сертификатты қолдану туралы" 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 2 шешімінің 2-тармағының бірінші абзацындағы "2022 жылғы 1 тамыздағы" деген сөздер "2023 жылғы 31 желтоқсандағы"деген сөздермен ауыстырылсын.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз |
Ресей |