Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикалық дамудың орнықтылығын анықтайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндерінен асып кеткен жағдайда экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған ұсынымдар мен бірлескен іс-шараларды әзірлеу және қабылдау тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 28 наурыздағы № 38 шешімі.

      Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 14 қосымша) 3-тармағының 5-тармақшасына, 2-тармақшасының төртінші абзацына және 4-тармағы 3-тармақшасының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикалық дамудың орнықтылығын анықтайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндерінен асып кеткен жағдайда экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған ұсынымдар мен бірлескен іс-шараларды әзірлеу және қабылдау тәртібіне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2023 жылғы 28 наурыздағы
№ 38 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикалық дамудың орнықтылығын анықтайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндерінен асып кеткен жағдайда экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған ұсынымдар мен бірлескен іс-шараларды әзірлеу және қабылдау тәртібіне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тәртіп Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 14 қосымша) 3-тармағының 5-тармақшасына, 2-тармақшасының төртінші абзацына және 4-тармағы 3-тармақшасының екінші абзацына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) және ұлттық (орталық) банктерді қоса алғанда, экономика, қаржы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және құқықтық реттеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер органдары (бұдан әрі тиісінше – тиісінше Одақ, мүше мемлекеттер, уәкілетті органдар) іс-қимылдарының мүше мемлекет 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 63-бабында белгіленген экономикалық дамудың орнықтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндерін (бұдан әрі – макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндері) асырған жағдайдағы реттілігін айқындайды, ол мыналарды әзірлеу және қабылдау мақсатында жүргізіледі:

      а) экономикалық жағдайды тұрақтандыруға және макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндерін қалпына келтіруге бағытталған қажетті іс-қимылдар бөлігіндегі ұсыныстарды қамтитын Комиссияның ұсынымдары (бұдан әрі – ұсынымдар);

      б) экономикалық жағдайды тұрақтандыруға және макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндерін қалпына келтіруге бағытталған ұсынымдық сипаттағы екі немесе одан да көп мүше мемлекеттердің бірлескен шаралары (бұдан әрі – бірлескен шаралар).".

      2. Мынадай мазмұндағы 61-тармақпен толықтырылсын:

      "61. Мүше мемлекет сол бір макроэкономикалық көрсеткіштің сандық мәнін асырған жағдайда ұсынымдар 2 жылда 1 реттен жиілетпей әзірленеді.".

      3. 7-тармақтың бірінші және үшінші абзацтарындағы "қатарынан 3 жыл ішінде" деген сөздер "қатарынан 4 жыл ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 10-тармақтағы "бірлескен шаралар жоспары" деген сөздер "Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бірлескен шаралар туралы актісінің жобасы" деген сөздермен ауыстырылсын, "бірлескен шаралар жоспарын" деген сөздер "осы жобаны" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. 10-тармақтағы "бірлескен шаралар жоспары" деген сөздер "Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бірлескен шаралар туралы актісінің жобасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. 12-тармақтағы "3 жылда бір рет" деген сөздер "4 жылда бір рет" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. Мынадай мазмұндағы 121-тармақпен толықтырылсын:

      "121. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бірлескен шаралар туралы актісі қабылданғаннан кейін Комиссия мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ресми сайттарында орналастырылған нормативтік құқықтық актілер мен ақпараттық материалдарды талдау негізінде мүше мемлекеттердің бірлескен шараларды іске асыруына мониторинг жүргізеді және мүше мемлекеттерге тиісті ақпарат жібереді.".

      _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады