2019 жылғы 25 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімнің 3-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымдық құндылығын бағалау әдістемелерін бекіту туралы" 2020 жылғы 24 қарашадағы № 149 шешімінің 2-тармағындағы "осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2 жыл мерзімге" деген сөздер "2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі мерзімге" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |