Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестердің тізбесіне өзгерістер енгізу және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 201 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 48 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ш е ш т і:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесінің 70-позициясы алып тасталсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өзара сауданы жүзеге асырған кезде озонды бұзатын заттарды және оларды қамтитын өнімдерді өткізу кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында мәліметтермен алмасуды қамтамасыз ету" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 201 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады