Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 шілдедегі № 118 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 11 мамырдағы № 61 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің ережелері мен әдістерін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 045/2017) талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесі туралы" 2018 жылғы 24 шілдедегі № 118 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2023 жылғы 11 мамырдағы
№ 61 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 шілдедегі № 118 шешіміне енгізілетін
Өзгерістер

      Осы Шешіммен бекітілген Зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің ережелері мен әдістерін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 045/2017) талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 24 шілдедегі
№ 118 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
  (Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2023 жылғы 11 мамырдағы
№ 61 шешімінің
редакциясында)

Зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің ережелері мен әдістерін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 045/2017) талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттар
тізбесі

Р/с№

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің құрылымдық элементі немесе техникалық реттеу объектісі

Стандарттың, зерттеу (сынау) және өлшеу әдістемесінің атауы және атауы

Ескертпе

1

2

3

4

1

VI бөлім

МемСТ ISO 3170-2022 "Мұнай өнімдері сұйық. Қолмен сынама алу әдістері"


2

МемСТ ISO 3171-2020 "Мұнай және мұнай өнімдері. Құбырлардан автоматты сынама алу"


3

МемСТ 2517-2012 "Мұнай және мұнай өнімдері. Сынама алу әдістері"


4

МемСТ 31873-2012 "Мұнай және мұнай өнімдері. Қолмен сынама алу әдістері"


5

СТБ ИСО 3170-2004 "Сұйық мұнай өнімдері. Қолмен сынама алу әдістері"

01.01.2025 дейін қолданылады

6

ҚР СТ ИСО 3170-2006 "Мұнай және мұнай өнімдері. Қолмен сынама алу әдістері"

01.01.2025 дейін қолданылады

7

ҚР СТ ИСО 3171-2007 "Мұнай өнімдері. Сұйық көмірсутектер. Құбырлардан автоматты сынама алу"

01.01.2025 дейін қолданылады

8

Қосымша, "Күкіртсутектің массалық үлесі" көрсеткіші

МемСТ 32918-2014 "Мұнай. Күкіртті сутекті, метил - және этилмеркаптандарды анықтау әдісі"


9

МемСТ 33690-2015 "Мұнай және мұнай өнімдері. Газ хроматографиясы әдісімен күкіртті сутекті, метил - және этилмеркаптандарды анықтау"


10

МемСТ Р 50802-2021 "Мұнай. Күкіртті сутекті, метил - және этилмеркаптандарды анықтау әдісі"

01.01.2030 дейін қолданылады

11

қосымша, "Метил - және этилмеркаптандар-дың жиынтықты массалық үлесі" көрсеткіші

МемСТ 32918-2014 "Мұнай. Күкірт сутегін, метил - және этилмеркаптандарды анықтау әдісі"


12

МемСТ 33690-2015 "Мұнай және мұнай өнімдері. Газ хроматографиясы әдісімен күкіртті сутекті, метил - және этилмеркаптандарды анықтау"


13

МемСТ Р 50802-2021 "Мұнай. Күкіртті сутекті, метил - және этилмеркаптандарды анықтау әдісі"

01.01.2030 дейін қолданылады

14

қосымша, "Судың массалық үлесі" көрсеткіші

МемСТ 2477-2014 "Мұнай және мұнай өнімдері. Судың құрамын анықтау әдісі"


15

МемСТ 33700-2015 "Мұнай. Дистилляция әдісімен судың құрамын анықтау"


16

МемСТ 33733-2016 "Шикі мұнай. Карл Фишер бойынша кулонометриялық титрлеу әдісімен судың құрамын анықтау"


17

ҚР СТ ИСО 10336-2004 "Шикі мұнай. Судың құрамын анықтау. Карл Фишердің Потенциометриялық титрлеу әдісі"

01.01.2025 дейін қолданылады

18

ҚР СТ ИСО 10337-2004 "Шикі мұнай. Судың құрамын анықтау. Карл Фишер әдісі бойынша кулонометриялық титрлеу"

01.01.2030 дейін қолданылады

19

ҚР СТ 1314-2004 "Шикі мұнай. Судың құрамын анықтау. Дистилляция әдісі"

01.01.2025 дейін қолданылады

20
 

қосымша, "Хлорид тұздарының массалық концентрациясы" көрсеткіші

МемСТ 21534-2021 "Мұнай. Хлорлы тұздардың құрамын анықтау әдістері"


21

МемСТ 21534-76 "Мұнай. Хлорлы тұздардың құрамын анықтау әдістері"

01.01.2025 дейін қолданылады

22

МемСТ 33703-2015 "Мұнай. Тұздарды электрометриялық әдіспен анықтау"


23

ҚР СТ 1693-2007 "Мұнай. Хлорлы тұздарды анықтаудың электрометриялық әдісі"

01.01.2025 дейін қолданылады

24

қосымша,
"Қаныққан бу қысымы" көрсеткіші

МемСТ 8.601-2010 "Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Мұнай мен мұнай өнімдерінің қаныққан буының қысымы. Өлшеу әдістемесі"


25

МемСТ 1756-2000 "Мұнай өнімдері. Қаныққан будың қысымын анықтау"


26

МемСТ 28781-90 "Мұнай және мұнай өнімдері. Механикалық дисперсиялық аппараттағы қаныққан булардың қысымын анықтау әдісі"


27

МемСТ 31874-2012 "Шикі мұнай және мұнай өнімдері. Рейд әдісімен қаныққан бу қысымын анықтау"


28

МемСТ 33361-2015 "Мұнай. Бу қысымын кеңейту арқылы анықтау"


29

ҚР СТ 1692-2007 "Мұнай. Будың серпімділігін Vpcrx анықтау әдісі. Кеңейту әдісі"

01.01.2025 дейін қолданылады

30

қосымша, "204 °C температураға дейін қайнайтын фракциядағы органикалық хлоридтердің массалық үлесі" көрсеткіші

МемСТ 33342-2015 "Мұнай. Органикалық хлорды анықтау әдістері"


31

МемСТ Р 52247-2021 "Мұнай. Хлорорганикалық қосылыстарды анықтау әдістері"

01.01.2030 дейін қолданылады

32

СТБ 1558-2005 "Шикі мұнай. Органикалық хлоридтердің құрамын анықтау әдістері"

01.01.2025 дейін қолданылады

33

ҚР СТ АСТМ Д 4929-2011 "Шикі мұнайдағы органикалық хлоридтердің құрамын анықтауға арналған стандартты сынақ әдісі"

01.01.2030 дейін қолданылады

34

ҚР СТ 1529-2006 "Мұнай. Хлорорганикалық қосылыстарды анықтау әдісі"

01.01.2030 дейін қолданылады

      ".

      _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады