Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Құбырлы жылу алмастырғыш пен желдеткіш орналасқан корпустан тұратын, желдеткіш (желдеткіштер) айдайтын қоршаған орта ауасының жылу алмастырғыш арқылы өтуімен жылу алмастырғышта сұйықтықты салқындатуға арналған және өнеркәсіпте технологиялық жабдықты салқындату үшін, сондай-ақ ауаны желдету және баптау жүйелерінде қолданылатын сұйықтықты ауамен салқындатқыш (драйкулер) сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының 1 және 6 Негізгі түсіндіру қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8419 89 қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |