2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабының 1-тармағы 11 және 12-тармақтарына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының "Мамандандырылған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің, оның ішінде диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтанудың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 027/2012) техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) және өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама туралы" 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 219 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 18 шілдедегі № 101 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 219 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Атауы және 1-тармақ "осы техникалық регламенттің талаптарына" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Кеден одағының "Мамандандырылған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің, оның ішінде диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтанудың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 027/2012) техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) және өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламада:
а) атауы "осы техникалық регламенттің талаптарына" деген сөздермен толықтырылсын;
б) 1, 3, 4, 6, 19 – 22, 24, 25, 40 және 45 – 48-позициялар алып тасталсын;
в) 2, 7 – 10, 23 және 27-позицияларда "2020 жыл" деген сөздер "2024 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын, "2021 жыл" деген сөздер "2025 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) 5, 36 – 39, 42 және 43-позициялар мынадай редакцияда жазылсын:
"
5 | 67.040 | Өнімділігі жоғары сұйық хроматографияның көмегімен азық-түліктегі аминқышқылдарды анықтау. МЕМСТ әзірлеу | 4-баптың 10-тармағы, 6-баптың 5-тармағы, 3-қосымша | перспективалық әзірлеме | анықталмаған |
";
36 | 67.050 | Байытылған тамақ өнімдерінде фолий қышқылын анықтау. МЕМСТ әзірлеу | 6-баптың 5-тармағы, 3-қосымша | перспективалық әзірлеме | анықталмаған |
37 | 67.050 | Арнайы азық-түлік өнімдерінде және ББҚ-да пантотен қышқылының массалық үлесін анықтау. МЕМСТ әзірлеу | 6-баптың 5-тармағы, 3-қосымша | перспективалық әзірлеме | анықталмаған |
38 | 67.050 | Балалар тағамына арналған тамақ өнімдері. Хлоридтердің мөлшерін анықтау. МЕМСТ әзірлеу | 6-баптың 5-тармағы, 3-қосымша | перспективалық әзірлеме | анықталмаған |
39 | 67.040 | Балалар тағамы өнімдеріндегі L-карнитиннің концентрациясын өнімділігі жоғары сұйық хроматография әдісімен анықтау. МЕМСТ әзірлеу | 6-баптың 5-тармағы, 3-қосымша | перспективалық әзірлеме | анықталмаған |
42 | 67.050 | Балалар тағамына арналған тамақ өнімдері. Омега-3, омега-6 класты қаныққан май қышқылдарын (ҚМҚ) және көп қанықпаған май қышқылдарының (КҚМҚ) мөлшерін анықтау. МЕМСТ әзірлеу | 6-баптың 5-тармағы, 3-қосымша | перспективалық әзірлеме | анықталмаған |
43 | 67.050 | Балалар тамағына арналған қоспалар. Тауриннің мөлшерін анықтау. МЕМСТ әзірлеу | 6-баптың 5-тармағы, 3-қосымша | перспективалық әзірлеме | анықталмаған |
д) 11 – 15-позицияларда "2020 жыл" деген сөздер "2025 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын, "2021 жыл" деген сөздер "2026 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
е) 16, 26, 29 – 32 және 41-позицияларда "2020 жыл" деген сөздер "2026 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын, "2021 жыл" деген сөздер "2027 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
ж) 17 және 44-позицияларда "2020 жыл" деген сөздер "2023 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын, "2021 жыл" деген сөздер "2024 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
з) 18-позицияда "2021 жыл" деген сөздер "2022 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын, "2022 жыл" деген сөздер "2024 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
и) 33 – 35-позицияларда "2020 жыл" деген сөздер "2027 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын, "2021 жыл" деген сөздер "2028 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
к) мынадай мазмұндағы 49-позициямен толықтырылсын:
"49 | 07.100.30 | Тағамдық тізбек микробиологиясы. Микробиологиялық зерттеу үшін сынамаларды, бастапқы суспензияларды және ондық араластыруларды дайындау. 5-бөлім. Сүтті және сүт өнімдерін дайындаудың айрықша қағидалары. ISO 6887-5:2020 негізінде МЕМСТ ISO 6887-5-2016 қайта қарау | 6-баптың 4-тармағы, 1-қосымшаның 2-кестесі | 2024 жыл | 2025 жыл | Қазақстан Республикасы |
".