Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 124 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 8-бабы 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының "Кедендік құжаттарды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2.  Осы Шешімге қосымшада көзделген өзгерістердің 1-тармағын, 3-тармағының "г" тармақшасын, 5 және 6-тармақтарын қоспағанда, осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Осы Шешімге қосымшада көзделген өзгерістердің 1-тармағы, 3-тармағының "г" тармақшасы, 5 және 6-тармақтары осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ 2023 жылғы1 қазаннан ерте емес күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2023 жылғы 22 тамыздағы
№ 124 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Мынадай мазмұндағы 24-тармақпен толықтырылсын:

      "24. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді ұсынбау жағдайларының сыныптауышы бекітілсін (28-қосымша).".

      2. Кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктер сыныптауышының 3.4-кіші бөлімінің 3.4.2-тармағы (7-қосымша) мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"Еркін қойманың кедендік рәсімімен немесе "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағының еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасы құрамындағы шикізат және (немесе) материалдар, сондай-ақ олардың құрамдас бөліктері импортына қатысты ҚҚС төлеуден босату

АШ

Өңделмеген бағалы металдардың, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарының және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының импортына қатысты ҚҚС төлеуден босату

ҚМ

"Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінің қатысушылары болып табылатын салық төлеушілер әкелген тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату

АХ

Жанама салықтарды төлеу мерзімі өзгертілген тауарлардың импортына қатысты ҚҚС төлеуден босату

КС

Қамыс шикі қантының импортына қатысты ҚҚС төлеуден босату

ШҚ

Пестицидтер өндіру үшін химиялық заттардың (шикізаттың) импортына қатысты ҚҚС төлеуден босату

ХП

Өнер туындыларының импортына қатысты ҚҚС төлеуден босату

ӨТ

Арнайы экономикалық аймақ немесе еркін қойма аумағында өндірілген дайын өнім құрамында тауарлардың импортына қатысты ҚҚС төлеуден босату

ДӨ".

      3. Құжаттар мен мәліметтер түрлерінің жіктеуішінде (8-қосымша):

      а) 6-бөлімде:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тауардың шығу тегі туралы құжаттар және тауардың шығу тегіне байланысты өзге де құжаттар";

      06011 коды бар позицияда "тауарлардың" деген сөз "тауардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      06013 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "06013 "А" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат;

      06014 коды бар позицияда "жалпы нысандағы" деген сөздер алып тасталсын;

      06999 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "06999 Тауардың шығарылуына байланысты өзге де құжаттар;

      б) 7-бөлім 07018 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"07019

Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету мөлшерін есептеу";

      в) 9-бөлімде:

      09043 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"09044

Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу туралы куәлік";

      09051 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"09053

Кедендік құжаттарға өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы өтініш

09054

Еуразиялық экономикалық одаққа қосылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке, 8702 және 8703 тауар позицияларында, ЕАЭО СЭҚ ТН 8704 21 және 8704 31 қосалқы позицияларында жіктелетін Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу туралы халықаралық шартқа сәйкес осы мемлекет қолданатын мөлшерлемелер бойынша жеңіл және өзге де моторлы көлік құралдарының автомобильдеріне әкелу кезінде төленген кедендік баждардың, салықтардың сомалары есептелген кедендік кіріс ордері немесе өзге де кедендік құжат
 

09055

көрсетілген көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одаққа қосылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке әкелу кезінде осы мемлекет Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу туралы халықаралық шартқа сәйкес қолданатын ставкалар бойынша төленген сомалар және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес белгіленген мөлшерлемелер бойынша төленуге жататын сомалар айырмасы мөлшерінде кедендік баждарды, салықтарды есептеу және төлеу мақсатында 8702 және 8703 тауар позицияларында, ЕАЭО СЭҚ ТН 8704 21 және 8704 31 қосалқы позицияларында жіктелетін жеңіл және өзге де моторлы көлік құралдарының автомобильдеріне қатысты толтырылған кедендік кіріс ордері немесе өзге де кедендік құжат

09056

Кедендік кіріс ордері (09054 және 09055 кодтары бар позицияларда көрсетілген құжаттарды қоспағанда)";

      г) 10-бөлім 10052 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"10053

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының сыныптауышына сәйкес кеден органының коды, оның қызметі өңірінде тауарлар кеден қоймасында не кеден қоймалары болып табылмайтын жерлерде, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (Ресей Федерациясы үшін) 155-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда сақталатын болады

10054

Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне заңды тұлғаның енгізілгенін растайтын құжаттың нөмірі (кеден қоймалары иелерінің тізіліміне заңды тұлғаны енгізу туралы куәліктің нөмірі) немесе кеден қоймалары иелерінің тізіліміндегі заңды тұлғаның тіркеу нөмірі немесе ашық үлгідегі кеден қоймалары үшін кеден қоймалары иелерінің тізіліміне заңды тұлғаны енгізу туралы мәліметтердің тіркеу нөмірі

10055

Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне заңды тұлғаның енгізілгенін растайтын құжаттың нөмірі (кеден қоймалары иелерінің тізіліміне заңды тұлғаны енгізу туралы куәліктің нөмірі) немесе кеден қоймалары иелерінің тізіліміндегі заңды тұлғаның тіркеу нөмірі немесе жабық үлгідегі кеден қоймалары үшін кеден қоймалары иелерінің тізіліміне заңды тұлғаны енгізу туралы мәліметтердің тіркеу нөмірі

10056

Кеден қоймалары болып табылмайтын жерлерде тауарларды сақтауға рұқсат беретін құжаттың нөмірі мен күні, ал, егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік бақылау аймақтарының есебі жүргізілсе – Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 155-бабының 4-тармағына сәйкес тауарларды сақтау жүзеге асырылатын Кедендік бақылау аймағының нөмірі (Кедендік бақылау аймағының тіркеу нөмірі)

10057

Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне заңды тұлғаның енгізілгенін растайтын құжаттың нөмірі (заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілгені туралы куәліктің нөмірі) немесе бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміндегі заңды тұлғаның тіркеу нөмірі немесе заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілгені туралы мәліметтердің тіркеу нөмірі".

      4. Алынуы кеден органдарына жүктелген салықтар, алымдар және өзге де төлемдер түрлері жіктеуішінің 6.3-кіші бөлімі (9-қосымша) 4270 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

      "Құрамында қант немесе басқа тәттілендіретін немесе хош иісті хош иісті заттар бар минералды және газдалған суға салынатын акциз 4280".

      5. Кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету шараларының жіктеуіші (18-қосымша) күші жойылды деп танылсын.

      6. Мынадай мазмұндағы 28-қосымшамен толықтырылсын:

  "Кеден одағы Комиссиясының
2010 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 378 шешіміне
№ 28 ҚОСЫМША

Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді ұсынбау жағдайларының СЫНЫПТАУЫШЫ

Кодтары

Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді ұсынбау жағдайларының атауы

101

Егер мұндай қамтамасыз етуді ұсыну тауарларды Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 143-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырудың шарты болып табылса, жиынтығында транзиттік декларация тіркелген күні қолданылып жүрген валюта бағамы бойынша 500 еуроға баламалы сомадан аспаса, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету мөлшері және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету мөлшері

102

Декларацияланатын тауарларды тасымалдауды (көлікпен тасымалдауды) жүзеге асыратын кеден тасымалдаушысы кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлардың декларанты ретінде әрекет етеді

103

Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлардың декларанты ретінде бірінші немесе үшінші үлгідегі уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператор болады

104

Мұндай тасымалдау (көлікпен тасымалдау) көліктің екі және одан да көп түрін пайдалана отырып, тауарларды тасымалдаудың (көлікпен тасымалдаудың) бөлігі болып табылатын жағдайды қоспағанда, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар темір жол көлігімен тасымалданады

105

Мұндай тасымалдау (көлікпен тасымалдау) көліктің екі және одан да көп түрін пайдалана отырып, тауарларды тасымалдаудың (көлікпен тасымалдаудың) бөлігі болып табылатын жағдайды қоспағанда, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар әуе көлігімен тасымалданады

106

Мұндай тасымалдау (көлікпен тасымалдау) көліктің екі және одан да көп түрін пайдалана отырып, тауарларды тасымалдаудың (көлікпен тасымалдаудың) бөлігі болып табылатын жағдайды қоспағанда, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар құбыржол көлігімен тасымалданады

107

Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарлар мұндай тасымалдау көліктің екі және одан да көп түрін пайдалана отырып, тауарларды тасымалдаудың бір бөлігі болып табылатын жағдайды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теңіз порттары арасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ішкі су жолдарына кірмей, су кемелерімен, оның ішінде аралас (өзен – теңіз) жүзу кемелерімен тасымалданады

108

Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының декларанты ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте транзиттік декларацияны тіркеу күніне белгіленген мерзімде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, пайыздарды, өсімпұлдарды төлеу жөнінде орындалмаған міндеті жоқ, сондай-ақ, егер бұл аумағында Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы соттың немесе уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңды күшіне енген шешімдерінің негізінде белгіленген мерзімде төленбеген әкімшілік айыппұлдар жоқ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің адамы әрекет етеді

109

Кеден органы кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік сүйемелдеуді қолдану туралы шешім қабылдады

110

Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің ресми пайдалануына арналған, бұл туралы әрбір нақты тасымалдау бойынша жөнелту кеден органында жөнелту кеден органы орналасқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің Сыртқы істер министрлігінің ақпараты болады

111

Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар мемлекеттердің халықаралық ұйымдар, халықаралық ұйымдар немесе олардың өкілдіктері, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан өзге де ұйымдар немесе олардың өкілдіктері жанындағы өкілдіктерін ресми пайдалануға арналған, бұл туралы әрбір нақты тасымалдау бойынша жөнелтуші кеден органында жөнелтуші кеден органы орналасқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бар

112

Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан мемлекеттер өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің бастапқы иелігіне, дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлеріне, консулдық мекемелердің қызметкерлеріне, персоналына (қызметкерлеріне, лауазымды адамдарына) арналған тауарларды қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері, бұл туралы әрбір нақты тасымалдау бойынша жөнелтуші кеден органында жөнелтуші кеден органы орналасқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бар

113

Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар мәдени, ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалануға, спорттық жарыстар өткізуге не оларға дайындалуға, дүлей зілзалалардың, авариялардың, апаттардың салдарын жоюға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қорғаныс қабілетін және мемлекеттік (ұлттық) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың қарулы күштерін қайта жарақтандыруға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік шекараларын қорғауға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының пайдалануға арналған, аумағында тағайындалған кеден органы орналасқан Еуразиялық экономикалық комиссия айқындаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы аумағында жөнелту кеден органы орналасқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің Еуразиялық экономикалық комиссия айқындаған кеден органына ұсынған мұндай тауарларды кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді ұсынбай және (немесе) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді ұсынбай шығару туралы өтініш білдірген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мүдделі мемлекеттің тиісті мемлекеттік органының растамасы бар

114

Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын және автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларды кедендік декларациялау оларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 114-бабында айқындалған ерекшеліктермен жүзеге асырылды және мұндай тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленді. егер кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау тек мемлекеттің аумағы бойынша жүзеге асырылатын болса – тауарларға декларация берілген Еуразиялық экономикалық одақ мүшесінің және егер кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлардың декларанты мен тауарлардың декларанты, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылатын бір адам болып табылады

115

Халықаралық пошта жөнелтілімдерінің декларанты олар кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған кезде пошта байланысының тағайындалған операторы болады

116

Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын халықаралық почта жөнелтімдері халықаралық почта алмасу орнына (мекемесіне) жеткізілуге жатады

117

Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 263-бабына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке тұрақты тұрғылықты жерге қоныс аударған не осы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес босқын, мәжбүрлі қоныс аударушы мәртебесін алған шетелдік жеке тұлғалар осындай тануды не осындай мәртебені растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда әкелінеді

118

Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 263-бабына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке тұрақты тұрғылықты жерге қоныс аударуға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес босқын, мәжбүрлі қоныс аударушы мәртебесін алуға ниеті бар шетелдік жеке тұлғалар осындай ниетті растайтын құжаттар ұсынған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкеледі

119

Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 263-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 263-бабына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналының мүшелері, консулдық мекемелердің басшылары және өзге де консулдық лауазымды адамдар, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің консулдық мекемелерінің консулдық қызметшілері, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс орналасқан халықаралық ұйымдар жанындағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өкілдіктерінің қызметкерлері, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, әкелу шарттарының сақталуын растайтын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес берілетін құжаттарды ұсынған жағдайда, олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелері не осындай адамдардың атынан және олардың тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де адамдар әкеледі

120

Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 263-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 263-бабына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, консулдық мекемелердің қызметкерлері, халықаралық ұйымдардың жанындағы мемлекеттер өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің персоналы (қызметкерлері, лауазымды адамдары), осындай қызметкерлер, жұмыскерлер, персонал немесе олардың отбасы мүшелері екендігі расталған жағдайда, олармен бірге тұратын отбасы мүшелері әкеледі

121

Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 263-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 263-бабына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына дипломатиялық өкілдіктердің және консулдық мекемелердің басшылары, дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық персоналының мүшелері және консулдық мекемелердің консулдық лауазымды адамдары, олардың осындай адамдар немесе олардың отбасы мүшелері болып табылатындығы расталған жағдайда олармен бірге тұратын отбасы мүшелері әкеледі

122

Егер тауарларды тасымалдау (көлікпен тасымалдау) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағы бойынша жүзеге асырылса, тауарлар кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді ұсынбау жағдайлары

123

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделген кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді ұсынбау жағдайлары

124

Жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді ұсынбау жағдайлары

125

Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 304-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия белгілеген кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді ұсынбау жағдайлары".


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады