Аумағында бақылау объектілерін тасымалдауды қадағалау басталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттен өзге мүше мемлекеттің ұлттық операторының ақпараттық жүйесінде тіркелген навигациялық пломбаны іске қосу және белсенділігін жою үшін бақылаушы органдар мен ұлттық операторлардың қажетті іс-қимыл тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 129 шешімі

      2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімнің 8-бабының 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 2 қосымшаның 48-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  Қоса беріліп отырған Аумағында бақылау объектілерін тасымалдауды қадағалау басталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттен өзге мүше мемлекеттің ұлттық операторының ақпараттық жүйесінде тіркелген навигациялық пломбаны іске қосу және белсенділігін жою үшін бақылаушы органдар мен ұлттық операторлардың қажетті іс-қимыл тәртібі бекітілсін.

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық Экономикалық
комиссия Алқасының
2023 жылғы 22 тамыздағы
№ 120 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Аумағында бақылау объектілерін тасымалдауды қадағалау басталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттен өзге мүше мемлекеттің ұлттық операторының ақпараттық жүйесінде тіркелген навигациялық пломбаны іске қосу және белсенділігін жою үшін бақылаушы органдар мен ұлттық операторлардың қажетті іс-қимыл ТӘРТІБІ

      1.  Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) аумақтарында тасымалдауларды қадағалау үшін аумағында осындай тасымалдауды қадағалау басталатын мүше мемлекеттен өзге мүше мемлекеттің ұлттық операторының ақпараттық жүйесінде тіркелген навигациялық пломба пайдаланылатын жағдайда навигациялық пломбаны іске қосу және сөндіру үшін бақылаушы органдар мен ұлттық операторлардың қажетті іс-қимылын және оларды жасау тәртібін айқындайды.

      2.  Осы Тәртіпте пайдаланылатын ұғымдар 2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімде (бұдан әрі – Келісім) айқындалған мәндерде қолданылады.

      3.  Бір мүше мемлекеттің ұлттық операторлары мен бақылаушы органдары арасындағы өзара іс-қимыл (оның ішінде ақпараттық) осындай мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы) арқылы жүзеге асырылады.

      Бір мүше мемлекеттің ұлттық операторлары мен бақылаушы органдарының басқа мүше мемлекеттердің ұлттық операторларымен және бақылаушы органдарымен өзара іс-қимылы (оның ішінде ақпараттық) мүше мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары) арқылы жүзеге асырылады.

      4.  Навигациялық пломбаны іске қосу және белсенділігін жою ақпараттық жүйесінде навигациялық пломба тіркелген ұлттық оператордың ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қашықтан жүргізіледі.

      5.  Навигациялық пломбаны іске қосу мақсаттары үшін аумағында тасымалдауды қадағалау басталатын мүше мемлекеттің бақылаушы органы осындай навигациялық пломбаны қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда, нақты тасымалдауды қадағалау кезеңінде навигациялық пломбада орналастырылуы Келісімнің 7-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген электрондық құжаттарды (мәліметтерді) өзінің мүше мемлекетінің уәкілетті операторына (органына) береді, сондай-ақ навигациялық пломбаны іске қосуға рұқсат туралы хабарлайды.

      6.  Осы Тәртіптің 5-тармағында көрсетілген электрондық құжаттарды (мәліметтерді), сондай-ақ аумағында тасымалдауды қадағалау басталатын мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы) бақылаушы органның навигациялық пломбаны іске қосуға рұқсаты туралы ақпаратты алғаннан кейін, мүмкіндігінше қысқа мерзімде оларды аумағында ақпараттық жүйесінде навигациялық пломба тіркелген ұлттық оператор орналасқан мүше мемлекеттің уәкілетті операторына (органына) жібереді.

      7.  Ақпараттық жүйесінде навигациялық пломба тіркелген ұлттық оператор осы Тәртіптің 6-тармағына сәйкес электрондық құжаттарды (мәліметтерді), сондай-ақ осындай навигациялық пломбаны іске қосуға рұқсат туралы ақпаратты алғаннан кейін:

      а) алынған электрондық құжаттарды (мәліметтерді) навигациялық пломбаға беруді жүргізеді және оны іске қосуды жүзеге асырады;

      б) аумағында осындай тасымалдауды қадағалау басталатын мүше мемлекеттің уәкілетті операторына (органына) көрсетілген ақпаратты беру үшін өзінің мүше мемлекетінің уәкілетті операторының (органының) навигациялық пломбасының іске қосылғаны туралы хабарлайды.

      8.  Осы Тәртіптің 7-тармағына сәйкес навигациялық пломба іске қосылғаннан кейін аумағында тасымалдауды қадағалау басталатын мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы), ұлттық операторларының ақпараттық жүйесінде навигациялық пломба тіркелген мүше мемлекеттердің уәкілетті операторларына (органдарына), сондай-ақ аумақтары бойынша қадағалау объектілері тасымалданатын (тасымалданып отырған) басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті операторларына (органдарына) осындай тасымалдауды қадағалаудың басталғаны туралы ақпаратты жібереді.

      Көрсетілген ақпарат 2 және одан да көп навигациялық пломбалар қолданылған жағдайда барлық навигациялық пломбаларды белсендіру туралы ақпарат алғаннан кейін жіберіледі.

      9.  Аумақтары бойынша бақылау объектілері тасымалданатын (тасымалданып отырған) мүше мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары) осы Тәртіптің 8-тармағының бірінші абзацында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін осындай ақпаратты мүдделері үшін тасымалдау қадағаланатын өзінің мүше мемлекетінің бақылаушы органына береді.

      10.  Аумағында тасымалдауды қадағалау аяқталатын мүше мемлекеттің бақылаушы органы навигациялық пломбаның белсенділігін жою туралы шешім қабылдаған жағдайда навигациялық пломбаны алу орнына қадағалау объектісі келгеннен кейін мұндай бақылаушы орган өзінің мүше мемлекетінің уәкілетті операторының (органының) навигациялық пломбасының белсенділігін жоюға рұқсат беру туралы хабарлайды.

      11.  Осы Тәртіптің 10-тармағында көрсетілген шешімді:

      а) тауарлар кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған жағдайда – кеден транзитінің кедендік рәсімін аяқтау туралы шешім қабылдаған мүше мемлекеттің бақылаушы органы;

      б)  тауарлар экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған жағдайда – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кетуін растайтын мүше мемлекеттің бақылаушы органы;

      в)  өзара сауда шеңберінде мүше мемлекеттер арасында тауарлар өткізілген жағдайда:

      өзіне қатысты осы шаралар қолданылатын тауарлар осындай мүше мемлекеттің аумағынан кеткен кезде не көрсетілген тауарлар межелі жерге келген кезде арнаулы экономикалық шараларды қолданатын мүше мемлекеттің бақылаушы органы;

      Келісімнің 3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тауарларды тасымалдау аяқталатын мүше мемлекеттің бақылаушы органы қабылдайды.

      12.  Аумағында тасымалдауды қадағалау аяқталатын мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы) осы Тәртіптің 10-тармағында көрсетілген рұқсатты алғаннан кейін аумағында тасымалдауды қадағалау басталған мүше мемлекеттің уәкілетті операторының (органының) осындай рұқсаты туралы хабардар етеді.

      Аумағында тасымалдауды қадағалау басталған мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы) осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес алынған ақпаратты аумағында ақпараттық жүйесінде навигациялық пломба тіркелген ұлттық оператор орналасқан мүше мемлекеттің уәкілетті операторына (органына) жібереді.

      13.  Ақпараттық жүйесінде навигациялық пломба тіркелген ұлттық оператор осы Тәртіптің 12-тармағының екінші абзацына сәйкес ақпаратты алғаннан кейін навигациялық пломбаның белсенділігін жоюды жүзеге асырады.

      14.  Навигациялық пломба сөндірілгеннен кейін аумағында тасымалдауды қадағалау басталған мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы), ұлттық операторларының ақпараттық жүйелерінде навигациялық пломба тіркелген мүше мемлекеттердің уәкілетті операторларына (органдарына), сондай-ақ аумақтары бойынша осындай тасымалдау жүзеге асырылған және аумағында осындай тасымалдау аяқталған мүше мемлекеттердің уәкілетті операторларына (органдарына) осындай тасымалдауды қадағалаудың аяқталғаны туралы ақпаратты жібереді.

      2 және одан да көп навигациялық пломбалар қолданылған жағдайда көрсетілген ақпарат барлық навигациялық пломбалардың белсенділігін жою туралы ақпарат алғаннан кейін жіберіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады