2010 жылғы 20 қыркүйектегі Кеден одағының комиссиясының № 378-шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 28 тамыздағы № 132 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одағының кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы шешті:

      1. 2010 жылғы 20 қыркүйектегі Кеден одағы комиссиясының № 378 "Кеден құжаттарын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2.  Осы шешімнің қосымшасында көзделген өзгерістердің 1 және 4-тармақтарын қоспағанда, осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Осы шешімнің қосымшасында көзделген өзгерістердің 1 және 4-тармақтары осы шешім ресми жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2023 жылғы 1 қазаннан ерте емес күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
алқасының төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссиясы алқасының
2023 жылғы 28 тамыздағы
№ 132-шешіміне тіркелген
ҚОСЫМША

2010 жылғы 20 қыркүйектегі Кеден одағының комиссиясының № 378-шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Мынадай мазмұндағы 25 тармақпен толықтырылсын:

      "25. Зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтер жіктеуіші бекітілсін (29-қосымша)".

      2. Құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышының 9-бөлімі (8-қосымша) 09044 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"09045

Көлік құралын тіркеу туралы куәлік".

      3. Алынуы кеден органдарына жүктелген салықтар, алымдар және өзге де төлемдер түрлерінің сыныптауышында (9-қосымша):

      а) 2.3-бөлікшесінің 3060 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"Өзге де қатты бидайға, өзге де бидайға, өзге де арпаға, өзге де жүгеріге, ұсақталған немесе ұсақталмаған соя бұршақтарына және ұсақталған немесе ұсақталмаған күнбағыстың өзге де тұқымдарына әкетілім кедендік баж

3070

Таза-көлемі 10 л немесе одан аз бастапқы қаптамада тазартылмаған немесе тазартылған шикі күнбағыс майына, таза-көлемі 10 л-ден астам бастапқы қаптамада тазартылмаған немесе тазартылған шикі күнбағыс майына, таза-көлемі 10 л немесе одан аз бастапқы қаптамада күнбағыс майына немесе оның фракцияларына, бастапқы қаптамада күнбағыс майына немесе оның фракцияларына әкетілім кедендік баж күнбағыс тұқымынан өсімдік майларын немесе майларды алу кезінде алынатын таза-көлемі 10 л-ден астам, сұйық, аралас, торт және басқа да қатты қалдықтардан тұратын өсімдік тектес ұшпайтын майлар, ұнтақталмаған немесе ұнтақталған, түйіршіктелмеген немесе түйіршіктелген, ЕАЭО СЭҚ ТН 2304 және 2305 тауар позицияларында жіктелетін тауарлардан басқа

3080

Азот, калий, фосфор және аралас тыңайтқыштарға әкетілім кедендік баж

3090";

      б) 6.3-бөлікшесінің 4280 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"Автомобиль отыны ретінде пайдаланылатын сұйытылған көмірсутек газына акциз

4290".

      4. Мынадай мазмұндағы 29-қосымшамен толықтырылсын:

  "2010 жылғы 20 қыркүйектегі
Кеден одағының
комиссиясының
№ 378-шешіміне тіркелген № 29
ҚОСЫМША

Зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтер ЖІКТЕУІШІ

Код

Зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтердің атауы

I

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне және (немесе) зияткерлік меншік объектілерінің ұлттық кедендік тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілері бар тауарлар (Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы үшін)

S

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне және (немесе) зияткерлік меншік объектілерінің ұлттық кедендік тізіліміне енгізілмеген зияткерлік меншік объектілері бар тауарлар (Қазақстан Республикасы үшін)

N

Зияткерлік меншік объектілері жоқ тауарлар (Армения Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үшін)

F

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне және (немесе) зияткерлік меншік объектілерінің ұлттық кедендік тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілері жоқ тауарлар (Беларусь Республикасы үшін)

L

Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес осындай тауарларда көрсетілген зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды қорғау туралы Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің жекелеген ережелері және осындай тауарлар таңбаланған даралау құралдары (Ресей Федерациясы үшін) қолданыла алмайтын зияткерлік меншік объектілері бар тауарлар

W

Осы жіктеуіштің "L" коды бар позицияда көрсетілген тауарларды қоспағанда, зияткерлік меншік объектілері бар тауарлар (Ресей Федерациясы үшін)".


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады