"Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының Техникалық регламентіне өзгеріс енгізу туралы (КО ТР 003/2011)

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 31 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Техникалық реттеу туралы хаттаманың 3-тармағына (аталған Шартқа № 9 қосымша), Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиясының Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес,Еуразиялық экономикалық комиссиясының кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 710 шешімімен қабылданған "Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының Техникалық регламентіндегі (КО ТР 003/2011) 11-тармақтың "в" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "в) қажетті кезеңділікпен техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу.

      Теміржол көлігі инфрақұрылымының ішкі жүйелеріндегі құрамдас бөліктерінің элементтеріне тағайындалған қызмет мерзімдерін және (немесе) тағайындалған ресурстарды белгілеу қажеттілігін жобалаушы (әзірлеуші) айқындайды, осы көрсеткіштердің мәндері конструкторлық құжаттамада белгіленеді;".

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

С. Жұманғарин

А. Касымалиев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады