Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттарына арналған тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларының № 1 қосымшасына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 33 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясының кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешімімен бекітілген мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттарына арналған тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларының № 1 қосымшасының I бөліміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "8602 Теміржол локомотивтері және локомотив тендерлері" деген позицияның алдында мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"7302 900 00 0
Серпімді клеммалары бар рельсті бекіткіштер

заңды тұлғада – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық резидентінде (бұдан әрі – мүше мемлекет) тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесінің (КҚБЖ) және технологиялық құжаттаманың бірыңғай жүйесінің (ТҚБЖ) талаптарына сәйкес әзірленген техникалық құжаттамаға кемінде 5 жыл < 1> мерзімге құқықтың болуы;
мүше мемлекеттің аумағында мынадай операцияларды жүзеге асыру:
кіріс шикізатын (материалдарды немесе компоненттерді) бақылау;
серпімді клемма өндірісі;
бұрышты бағыттаушы плиталарды өндіру (қысыммен құю);
жол бұрандаларын өндіру;
пластикалық дюбельдер өндірісі (қысыммен құю);
рельсті бекіту төсемдерін өндіру (қысыммен құю);
дайын өнімнің шығуын бақылау";
 

      "8602 Темір жол локомотивтері және локомотивтердің тендерлері" деген позицияның екінші бағандағы бірінші абзацта "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекет)" деген сөздер "мүше мемлекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

С.Жұманғарин

А. Касымалиев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады