Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – зерттеулер (сынаулар) және өлшеу қағидалары мен әдістерін қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесіне, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнай қауіпсіздігі туралы" (ЕАЭО ТР 045/2017) техникалық регламентінің талаптарын қолдануға және орындауға арналған қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізу және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 13 наурыздағы № 20 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы Хаттаманың 4-тармағына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 9 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне тіркелген № 2 қосымшаның 5 тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2018 жылғы 24 шілдедегі № 118 шешімімен бекітілген халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – зерттеулер (сынақтар) және өлшеу қағидалары мен әдістерін қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттар, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнай қауіпсіздігі туралы" (ЕАЭО ТР 045/2017) техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізу және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру туралы тізбесінің 1-позициясы мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:

      "

1

13 және 17-тармақтар, сынақтардың кезеңділігі

МемСТ 31378-2009 7.4 және 7.5 -тармақтары "Мұнай. Жалпы техникалық шарттар"


11

МемСТ Р 51858-2002 8.4 және 8.5 -тармақтары "Мұнай. Жалпы техникалық шарттар"

01.01.2030 жылға дейін қолданылады

12

ҚР СТ 1347-2024 8.3 және 8.4 – тармақтары "Мұнай. Жалпы техникалық шарттар"

01.01.2030 жылға дейін қолданылады

13

VI бөлім

МемСТ ISO 3170-2022 "Сұйық мұнай өнімдері. Қолмен сынама алу әдістері"


      ".

      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады