Оларға қатысты бажсыз сауданың кедендік рәсімі қолданылмайтын тауарлардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 22 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 243-бабының 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 203 шешімімен бекітілген оларға қатысты бажсыз сауданың кедендік рәсімі қолданылмайтын тауарлардың тізбесіне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссиясы алқасының
2024 жылғы 19 наурыздағы
№ 22 шешіміне
ҚОСЫМША

Өздеріне қатысты бажсыз сауданың кедендік рәсімі қолданылмайтын тауарлардың тізбесіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 3-тармақ "(Армения Республикасы үшін қолданылады)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2 5-тармақ "(қаптаманы)" деген сөзбен толықтырылсын.

      3. 6-тармақта:

      а) бірінші абзацтағы "кедендік әкету бажы салынатын" деген сөздер "оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында кедендік әкету баждары белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында өзгесі көзделмесе, бөлшек саудада сатуға дайындалған және тұтынушылар ыдысына (қаптамасына) оралған өзге де дайын бұйымдар.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады