Тауарларға декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру тәртібінің 25 тармағына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 13 мамырдағы № 50 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 120 бабының 3 тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 171 шешімімен бекітілген тауарларға декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру тәртібінің 25-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Егер ұйым Одақтың халықаралық шарты не осы мемлекет пен мүше мемлекет арасында уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін өзара тану туралы халықаралық шарт жасалған Одаққа мүше емес мемлекетте берілген уәкілетті экономикалық оператор мәртебесіне ие болса, шетелдік уәкілетті экономикалық оператордың сәйкестендіру нөмірі (мұндай нөмір туралы мәліметтер болған кезде) қосымша көрсетіледі.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2024 жылғы 1 қазаннан ерте емес күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
Алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады