Тауарларға декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштер құрылымы мен форматының 10-кестесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 13 мамырдағы № 51 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 120 бабының 3 тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 177 Шешімімен бекітілген тауарларға декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштің құрылымы мен форматының 10-кестесіне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2024 жылғы 1 қазаннан ерте емес күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2024 жылғы 13 мамырдағы
№ 51 Шешіміне
ҚОСЫМША

Тауарларға декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштердің құрылымы мен форматының 10-кестесіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 13.9.141-позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"13.9.141. Тұлғаның тізілімге енгізілгенін растайтын құжат (cacdo: Register Document Id Details)

7 баған

О".




      2. 13.9.141.2 позиция, 13.9.141.2 позицияның "а" тармақшасы және 13.9.141.3-позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"*.2. Ел коды (csdo: Unified Country Code)

М

1


"Ел коды (csdo: UnifiedCountryCode)" деректемесінде уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі берілген мемлекеттің екі әріптен тұратын кодының мәні әлем елдерінің жіктеуішімен болуы тиіс

1


"Ел коды (csdo: UnifiedCountryCode)" деректемесінде "AM", "BY", "KG", "KZ", "RU"мәндері болмауы тиіс

а)анықтамалық (жіктеуіш)идентификаторы (codelistid атрибуты)

М

1


"анықтамалық идентификатор (жіктеуіш) (codelistid атрибуты)" атрибуты "Ел коды (csdo:UnifiedCountryCode)" "2021"мәнін қамтуы керек

*.3. Тізілімге енгізілген кезде заңды тұлғаның тіркеу нөмірі ((casio: Registration Number Id)

7 баған

М

1


"Тізілімге енгізілген кезде заңды тұлғаның тіркеу нөмірі (casdo:RegistrationNumberId)" деректемесінде шетелдік уәкілетті экономикалық оператордың сәйкестендіру нөмірі болуға тиіс".

      3. 13.12.2 позициясында:

      а) барлық ұяшықтардағы 4-бағандағы "1" саны "2" санымен ауыстырылсын;

      б) соңғы ұяшықтағы 6-бағанда "шаблон: \d{6} / \d{8.10}" деген сөздер "шаблон: \d{10}" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады