Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. Қынап тексеретін аспап, бұл – Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 9018 тауар позициясында жіктелетін, әйелдердің ұрпақты болу жүйесі органдарын тексеру және гинекологиялық тексерулер жүргізуге арналған, бір корпусына сандық бейнекамера, стереоскоптық бинокуляр, жарық көзі орналастырылған, еденге қойылатын штативі, тірегі бар, сандық оптикалық аспап.
2. Қынап тексеретін аспап, бұл – Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 9018 тауар позициясында жіктелетін, әйелдердің ұрпақты болу жүйесі органдарын тексеру және гинекологиялық тексерулер жүргізуге арналған, бір корпусына сандық бейнекамера, жарық көзі, дисплей орналастырылған, еденге қойылатын штативі, тірегі бар сандық оптикалық аспап.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
Б. Сұлтанов |